03 там, 2018 сағат 16:24

"Самұрық-Қазына" халықаралық банктерге қарызын мерзімінен бұрын қайтарды

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры жұмысының нәтижесі туралы компанияның экономика және қаржы жөніндегі бірлескен басқарушы директоры Ернар Жанәділ айтып берді, деп жазады sputniknews.kz.

"Қор мен оның жетекші портфелді компанияларының қаржылық тұрақтылығын нығайту жұмыстарының нәтижесі көңіл көншітеді. Атап айтқанда, алғашқы жартыжылдықта "Самұрық-Қазына" халықаралық банктерден алған  900 миллион доллар бірлестірілген кредитін мерзімінен бұрын өтеді. Оның мерзімі 2020 жылға дейін болатын", — деді Жанәділ баспасөз конференциясында.    

Сонымен қатар "ҚазМұнайГаз" 1,6 миллиард доллардың еурооблигациясын, "Самұрық-Энерго 39 миллиард теңгені мерзімінен бұрын қайтарған

"Мұның барлығы қаржы тұрақтылығын жақсартуға мүмкіндік берді", — деп түйіндеді ол. 

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ  – жалғыз акционері Қазақстан үкіметі саналатын холдинг. Қор ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында 2008 жылы құрылды.    

"Самұрық-Қазына" АҚ басқарма төрағасы — Ахметжан Есімов.