03 қыр, 2016 сағат 13:22

Самарқанда Өзбекстан Президентін жерлеу рәсімі өтіп жатыр

Самарқанның орталығындағы Регистан тарихи алаңында Өзбекстан президенті Ислам Кәрімовпен қоштасу рәсімі өтіп жатыр. Ол анасының қасына жерленді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" BAQ.kz-ке сілтеме жасап.

Өзбекстанның Тұңғыш президентімен қоштасуға келгендер саны тым көп. Алаңда мыңнан аса қалалық және ресми делегациялар бар.

Регистаннан қаралы процессия Щахи-Зинда тарихи зиратына барады, бұл жерде Ислам Каримовтің ата-анасы жерленген. Соңғы 20 жылда Шахи Зиндаға ешкім жерленбей келді. Алайда өзбек билігі Өзбекстанның бірінші президентін осы жерге, ата-анасының қасына жерлеу туралы шешім шығарылыпты.

Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылы 2-қыркүйек күні Өзбекстанның Тұңғыш Президенті Ислам Кәрімов ауыр науқастан 78-ден 79-ға қараған шағында қаза болған еді.