#
#
Сейсенбі 28/01/2020

Салық рақымшылығы: Кәсіпкерлер 15 млрд теңгеден асатын қарыздарын өтеді

  • 12.12.2019
  • 0
  • 175

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті осы жылдың соңына дейін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне салықтық рақымшылық жүргізілетіндігін ескертті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Комитет мәліметінше, бүгінгі күні 43 755 салық төлеуші салық рақымшылығын қолданып, 15,3 млрд теңге сомасындағы берешегін өтеді. Оларға 5,2 млрд теңге өсімпұл және 0,3 млрд теңге айыппұл сомасы есептен шығарылды.

Сондай-ақ, осы жылдың тамыз айынан жеке тұлғаларға арналған салықтық рақымшылық жүргізіліп жатыр. Салықтық рақымшылық аясында ел азаматтары өткен жылдар үшін салықтық міндеттемелеріне орай негізгі қарыз сомасын төлеген жағдайда оларға өсімпұлдар шегеріледі. Қазіргі уақытта 12,6 млрд теңге берешегін төлеген 549 мыңнан астам азаматтың 2,3 млрд теңге өсімпұлы есептен шығарылды.

«Осы жылдың соңына дейін санаулы күндер қалды. Осыған байланысты негізгі қарызды өтеуге және салықтық рақымшылықты пайдалануға асығыңыз», - деп ескертеді комитеттен.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться
БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар