20 нау, 2020 сағат 18:20

«Салиқалы ұрпақ» қоғамдық қоры коронавирупен күрес шараларына қаржы бөлді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың COVID 19 вирусына қатысты халыққа үндеуіне Болат Назарбаевтың «Салиқалы ұрпақ» қоры үн қатып, өз қаражаты есебінен вируспен күрес шараларына 150 миллион теңге бөліп отыр. Бұл қаражат облыстың короновирустың салдарымен күрес қорына бағытталатын болады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Елбасының қиын-қыстау кездегі халқына үндеуі ешбірімізді бей-жәй қалдырмады. Біз өз кезегімізде жолдаудың әрбір тармағын барынша жүзеге асырауға атсалысамыз. Сондықтан жүрегінің саңлауы бар әрбір саналы адам мұндай қиын шақта өзінің қоғам алдындағы азаматтық позициясын айқын білдіруі керек», - деді «Салиқалы ұрпақ» қорының жетекшісі Қасым Қасабеков. 

Атап өтсек, Елбасының үндеуінен кейін Болат Назарбаевтың "Салиқалы ұрпақ" қоры үнсіз қалмай, қол ұшын созып, COVID 19 вирусымен күрес шараларына өз қаражатынан 150 млн теңге бөлді. Жалпы "Салиқалы ұрпақ" қоғамдық қоры 2016 жылдың сəуірінде құрылған. Қордың негізгі бағыты – жартылай жетім балалар мен отбасылық жағдайы қиын жанұялардың балаларын «Берекелі үй» пансионатына орналастыру, білім беру, медициналық жәрдем көрсету, сондай-ақ, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар мен көпбалалы, мұқтаж жандарды азық-түлікпен қамтамасыз ету.