#
#
Cәрсенбі 19/06/2019

Сақтандыру нарығын ауыр бәсеке күтіп тұр - Данияр Ақышев

  • 15.11.2018
  • 0
  • 1179

Сақтандыру нарығында  ДСҰ-ның шетелдік компаниялардың филиалдарын енгізу туралы талабы жүзеге асатын болды. Бұл туралы бүгін Алматыда өтіп жатқан қаржыгерлердің VIII Конгресінде ҚР Ұлттық банкінің басшысы Данияр Ақышев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Осы орайда ұлттық сақтандыру нарығында тұрақты даму моделін жасақтауға уақыт аз қалды. Оларға шетелдік компаниялармен бәсекелесуге тура келеді», - деді ол.

Данияр Ақышев 5 жылда екі есе артқанына қарамастан қазақстандық сақтандыру нарығы әлі де тәуекелдерді сіңіретін жоғары капиталды құралға айнала алмай жатқанын айтты.

«Сақтандыру нарығының ел экономикасындағы маңызы әлі де мардымсыз. Соңғы 10 жылда сақтандыру сыйақылары ЖІӨ 1 пайызынан асқан жоқ. Біздің көрсеткішіміз тек дамыған елдер ғана емес, ТМД көлемінде де төмен болып тұр», - деді бас банкир.

Оның айтуынша, 2018 жылы Ұлттық банк сақтандыру нарығы туралы заңнаманы жетілдірді. Соның арқасында онлайн-сақтандыру, тұтынушылардың құқығын қорғау,  шетелге шығатын туристердің құқығын қорғау кестесі өзгертілді.

Ендігі кезекте жаңа талаптарға сәйкес сақтандыру ұйымдарының акционерлері мен менеджментіне нарықта әділ әрекет ету үшін күш біріктіруге тура келеді.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар