10 қыр, 2019 сағат 10:49

Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығына 10 мың литр қымыз дайындалады

Қарағанды облысында бір уақытта екі мерейтойлық оқиға атап өтілмек: Жаңаарқа ауданының 90 жылдығы және қазақтың айтулы ақыны және жазушы Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығы, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Мереке 14 қыркүйекте өтеді. Салтанатты шараларды Сәкен Сейфуллинге арналған ескерткіштің етегінде театрландырылған көрініс ашады. Мереке Атасу кентінен үш шақырым қашықтықта, Қарауыл төбе деген жерде жалғасады. Бағдарламада әртістердің өнер көрсетулері, ұлттық ойындар мен жарыстар, қазақстандық және шетелдік эстрада жұлдыздарының қатысуымен гала-концерт қарастырылған. Мереке соңында отшашу атылады.

Жаңаарқалықтар мереке ерекше есте сақталып қалуы үшін Гиннестің рекордтар кітабына ену туралы шешім қабыдаған. Ауданда халық шеберлері он мың литр қымыз дайындамақ. Ерлер мен әйелдер ұлттық костюмдерде «Жаңаарқа вальсін» орындайды және бір мезгілде 1000 бөшкеде 10 мың литр қымыз араластырады. Аспаздық жетістікті тіркеу үшін Ұлыбританиядан сарапшылар келеді.

Сондай-ақ, «Бауырсақ» және «Палау» фестивальдері барысында тегін дәмнен ауыз тиюге болады.

Осы күні Сәкен Сейфуллиннің «Жыр Сұңқары» атты мәнерлеп оқу байқауының жеңімпаздары марапатталады.