07 нау, 2017 сағат 09:08

Сағынтаев жұмыс сапарымен Бішкекке барды

Қазақстанның Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Еуразиялық Үкіметаралық кеңестің (ЕҮАК) кезекті отырысына қатысу үшін Бішкекке жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі.

ЕҮАК жұмысы аясында Бақытжан Сағынтаев Қырғыз Республикасының Премьер-Министрі Сооронбай Жээнбековпен кездесу өткізді. Кездесу барысында екіжақты сауда-экономикалық қатынастар, шекара, көлік-логистика және энергетика салаларындағы ынтымақтастық мəселелері талқыланды.

Сондай-ақ, ертең ЕуразЭО-ға мүше елдердің Үкімет басшыларының Қырғызстанның Президенті Алмазбек Атамбаевпен ұжымдық кездесуі жоспарланған.

Айта кетейік, Үкіметаралық кеңес - Одақ елдерінің Үкімет басшыларынан құралған ЕуразЭО органы. ЕҮАК ЕуразЭО туралы Келісімшартты, халықаралық келісімшарттарды және Жоғарғы кеңестің шешімдерін жүзеге асыруды және олардың орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді.