27 мау, 2017 сағат 11:12

Сағынтаев туристік саланы дамыту бойынша бірқатар тапсырмалар берді

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Үкімет отырысында Дүниежүзілік туристік ұйымның ұсынымдарын ескере отырып, Қазақстанның туристік саласын одан әрі дамыту бойынша шараларды қабылдауды тапсырды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Үкімет туристерге Қазақстанға келуге жағдайларды барынша жеңілдету үшін визалық-көші-қон саясатын ырықтандыру мен әуе қатынастарын дамыту бойынша жұмыстарды жалғастырып жатыр. Бүгінгі таңда елге визасыз кіре алатын елдердің тізімі 63 мемлекетке дейін ұлғайтылды, ҚХР азаматтары үшін 72 сағаттық визасыз режим және Астана әуежайында «ашық аспан» режимі қолданыста. Сондай-ақ, көші-қон полициясында шетелдіктерді тіркеу, электронды визаларды енгізу, әуе қатынастарын әртараптандыру мәселелерін шешу қажет.   

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша, ҚР МСМ отандық туристік өнімдер маркетингінің тиімді моделін әзірлеуде, сонымен қатар бұл жеке брендті құру мен еліміздің туристік әлеуетін халықаралық аренада ілгерілету арқылы жүзеге асырылып жатыр.

Үкімет мәселелерді қарау қорытындысы бойынша туристік саланы дамытудың 2023 жылға дейінгі тұжырымдамасын қабылдады.