27 мам, 2020 сағат 13:15

Сағынтаев: Санитарлық талаптарды сақтамаған сауда орындарын қайта жабамыз

Санитарлық талаптарды сақтамаған сауда орындары қайта жабылады. Бұл туралы Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев онлайн брифинг барысында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біз сауда орындарына жұмыс істеуге рұқсат бердік. Алайда олар міндетті түрде санитарлық талапты сақтаулары қажет. Егер келушілер әлеуметтік қашықтықты сақтамаса, маска тақпаса онда шара қолданамыз. Яғни, әкімшілік айыппұл салып, сауда нүктесін қайта жауап тастаймыз. Біздің басқа амалымыз жоқ. Сондықтан талапты сақтауларыңызды сұраймын»,– деді Алматы әкімі. 

Сонымен қатар, ол қоғамдық көліктерге де бүгіннен бастап маскасыз жолаушылар кірмейтінін айтты. 

«Өкінішке қарай, алматылықтардың басым бөлігі маскасыз жүр. Біз түсіндіруге тырыстық. Енді шара қолданамыз. Адамдар індет өршіп кетуі мүмкін екенін түсіну керек»,-деді ол.