#
#
Жұма 20/04/2018

Сағынтаев Мемлекет басшысының тапсырмасымен Атырауға келді

  • 13.04.2018
  • 8
  • 336

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Атырау облысына келді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Мемлекет басшысының тапсырмасымен ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Президенттің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік», «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдаулары мен «Бес әлеуметтік бастамасының», сондай-ақ мемлекеттік және салалық бағдарламалардың жүзеге асырылу барысымен танысу үшін Атырау облысына келді.

Жұмыс сапары барысында бірқатар өнеркәсіптік нысандарды аралау жоспарланған. Бұл - «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағында орналасқан полиэтилен жабындар шығаратын зауыт пен газ турбиналы электр стансасы; «Ақтөбе - Атырау - Астрахань» автожолының бір бөлігі болуы тиісті Орал өзеніндегі көпір; «Цифрлық Қазақстан» жобасы аясында жүзеге асырылып жатқан «Ембімұнайгаз» АҚ-дағы зияткерлік кен орны.

Бақытжан Сағынтаев «СП Сарайшық» ЖШС мал шаруашылығы кешеніне барады, онда АӨК дамытудың мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысымен және ауыл шаруашылығы кәсіпкерлігін дамыту бойынша қабылданып жатқан шаралармен танысады.

Атырау облысының студент жастарымен кездесуде Президенттің бес әлеуметтік бастамасын жүзеге асыру мәселелері, атап айтқанда, білім алудың қолжетімділігін арттыру және студенттердің жатақханадағы жағдайларын жақсарту мәселелері талқыланады.

Облыстың денсаулық сақтау жүйесінің қызметкерлерімен кездесу өткізу жоспарланған. Мұнда саланы қайта реттеу, МЖӘ тетігі арқылы жекеменшік медициналық қызметтер секторын дамыту жөніндегі шаралар қаралатын болады.

Облысты әлеуметтік-экономикалық дамыту, 2018 жылға арналған өңір экономикасының дамуына арналған мақсатты көрсеткіштерге қол жеткізу, шағын несие беруді көбейту және кәсіпкерлікті дамыту мәселелері облыстың жұмыс активімен және бизнес өкілдерімен кездесуде талқыланады.

Естеріңізге сала кетейік, бұл биылғы жылға ел өңірлері бойынша үшінші жұмыс сапары. Бұған дейін Бақытжан Сағынтаев Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарына жұмыс сапарымен барып қайтты.

8 пікір

  • КопыЖұма, 13.04.2018

    елбасының тапсырмасын мүлт етпей орындау қажет

  • ЖаманЖұма, 13.04.2018

    сол өңір біраз көркейіп қалған шығар

  • КредоЖұма, 13.04.2018

    көпірдің құрылысы қашан бітеді екен

  • АсасинЖұма, 13.04.2018

    жұмыс қызып жатыр шамасы премьер министр келеді дегеннен

  • ГарриЖұма, 13.04.2018

    мұнайдың тақырыбын көтеру керек деп ойлаймын әсіресе бензин жағын

  • ӘсемЖұма, 13.04.2018

    Атырау облысына қош келдіңіз! Іс сапарыныз оңды болсын

  • ЭльвираЖұма, 13.04.2018

    Өңірлерде жұмыс сапарын жүргізу жұмысты южүйелей түседі.

  • КуанышЖұма, 13.04.2018

    Бахытжан Сағынтаевтың батысқа сапары оңынан болсын!

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар