19 ақп, 2020 сағат 08:33

Сағынтаев коронавирус туралы: Бетпердеге қосымша тапсырыс беруге тура келді

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев халықпен есепті кездесуінде коронавируспен күрес жүргізуде қандай шаралар қолға алынып жатқанын айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Әкімнің айтуынша, осы бағытта шұғыл түрде қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаровтың басшылығымен арнайы штаб құрылған.

«Барлық қала қызметтері іске қосылды. БАҚ-тың қатысуымен бірнеше оқу-жаттығу жұмыстарын жүргіздік. Жолаушыларды ұшақтан түсіріп алып, күту залына дейін апардық. Барлық жерде дәрі дәрмек пен палаталар жабдықталды. Басында халық арасында ханталапай басталды. Бетперделерді түгел сатып алып кетті. Қосымша тапсырыс беруге тура келді. Қазір қалада бетперделер жеткілікті. Барлық Қытайдан келген азаматтарды аты-жөнімен тексердік. Бақытымызға қарай, коронавирус ешқайсысында жоқ», - деді әкім.