#
#
Бейсенбі 21/11/2019

Сағынтаев Көктөбеде көшеттерді толық отырғызбай кеткен қызметкерлерді жазалады

  • 21.10.2019
  • 0
  • 153

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Jasyl Almaty акциясы кезінде, Көктөбеге сиверс алмасы мен қызғалдақ көшеттерін толық отырғызбай кеткені үшін жасыл экономика басқармасының басшысы Ержан Сейтеновке сөгіс жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Бүгін мен Светлана Спатарға ерекше алғыс білдіргім келеді, ол өзінің белсенді азамат екенін көрсетті. Көктөбедегі Jasyl Almaty акциясы аяқталғанан кейін, бірталай жеміс ағашы мен қызғалдақ гүлінің көшеттерін отырғызбай далаға тастап кеткенін айтты. Біз тергеу жүргіздік. Нәтижиесінде осы учаскеге жауапты әкімдік қызметкері жазаланды. Миллион ағаш отырғызған кезде, әр көшет отырғызылуы тиіс. Әр адам өзіне жүктелген міндетке жауапкершілікпен қарағаны дұрыс», - деп атап өтті Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Қожағапанов.

Әкім орынбасары далада шашылып қалған барлық көшеттердің, питомникке орналастырылғанын айтты.

Әкімдіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев жасыл экономика басқармасының бастығы Ержан Сейтеновке сөгіс жариялады.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться
БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар