#
#
Дүйсенбі 20/11/2017

Сағынтаев General Electric компаниясының өкілдерімен кездесті

  • 13.11.2017
  • 0
  • 119

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев цифрлық технологиялар жөніндегі вице-президент Уилиям Ру басшылық еткен General Electric компаниясының өкілдерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды primeminister.kz.  

Кездесу барысында компаниямен ел экономикасының түрлі салаларында цифрландыру бойынша перспективалы инвестициялық жобаларды іске асыру жөнінде ынтымақтастық орнату мәселелері талқыланды.

Анықтама: General Electric - өнеркәсіп пен цифрлық технологиялар бойынша әлемдік көшбасшы. Компания Қазақстанда көптеген жылдар бойы көліктік машина жасау, энергетика, денсаулық сақтау, авиация, сондай-ақ, мұнай-газ салаларында қызмет көрсетуде.

Қазіргі таңда GE «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры, «ҚТЖ», «ҚазМұнайГаз», Air Astana, Kaz Minerals және ERG-мен серіктестікте маңызды инфрақұрылымдық міндеттерді шешуге қатысып жатыр.

0 пікір

Пікір қалдыру

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар