01 ақп, 2017 сағат 08:27

Сағынтаев Елбасы жолдауына қатысты нақты тапсырмалар берді

Бақытжан Сағынтаев Үкімет мүшелеріне ҚР Президентінің Жолдауын іске асыруға байланысты нақты міндеттерді жүктеді

Кеше ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына жаңа Жолдауының аясында берген тапсырмаларын іске асыру мәселелері жөнінде ҚР Үкіметінің отырысы өтті.

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Үкімет алдына Қазақстанның үшінші жаңғыртылуын жүргізу туралы міндет қойғанын айтты. Оны жүзеге асыру үшін еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттыратын экономикалық өсімнің жаңа үлгісін құру қажет.

Осыған орай, Мемлекет басшысы бес негізгі басымдықты белгіледі:  

Бірінші басымдық – экономиканың қарқынды технологиялық жаңғыртылуы.

Екінші басымдық - бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту.

Үшінші басымдық – макроэкономикалық тұрақтылықпен қамтамасыз ету.

Жолдаудың төртінші басымдығы – адам капиталын сапалы түрде жақсарту.  

Бесінші басымдық - институционалдық қайта құру, қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлықпен күрес.

Аталған басымдықтарды іске асыру үшін, ҚР Премьер-Министрі министрліктер мен ведомстволарға бірқатар нақты тапсырмалар беріп, оларды атқаруға жауаптыларды белгіледі.

Еске сала кетейік, жақында Мемлекет басшысы Н. Назарбаев Қазақстан халқына жақын келешектегі елімізді дамытудың негізгі басымдықтары көрсетілген жыл сайынғы Жолдауын жолдаған болатын.

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын әзірлеуді жеделдетуді тапсырды

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауын жүзеге асыру мәселелері бойынша өткен Үкімет отырысы барысында  ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын әзірлеуді жеделдетуді тапсырды.

Премьер-Министр ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Үкімет алдында Қазақстанның үшінші жаңғыруын жүргізу бойынша міндет қойып отырғанын атап өтті. Оны жүзеге асыру үшін еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттыруды қамтамасыз ететін экономикалық өсімнің жаңа үлгісін құру қажет. Осыған байланысты Мемлекет басшысы бес негізгі басымдықты атады.  

Бірінші басымдық – бұл экономиканы жеделдетілген технологиялық жаңғырту. Бұл тұста басты мақсат дәстүрлі секторлар мен қызметтер тоғысында цифрлық технологияларды қолданумен жаңа индустриялар құру болып табылады.

«3D-принтинг, онлайн-сауда, мобильді банкинг, өнеркәсіптік ғаламтор, кәсіби қызмет саласындағы сандық сервистер тәрізді перспективалы салаларды дамыту туралы болып отыр. Жаңа технологиялар мен бизнес-модельдердің жылдам таралуы бүгіннің өзінде аталған салаларды реттеуде жаңа талаптар қойып отыр. Осы мақсатта Елбасы «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын әзірлеп, біздің заңнамамызды IT-технологияларды дамыту үшін ынталандыруға бейімдеуді тапсырды», - деді Б. Сағынтаев.

Осы орайда Премьер-Министр Ақпарат және коммуникациялар министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп аталмыш бағдарламаның әзірленуін және заңнамалық өзгерістерді дайындауды жеделдетуді тапсырды.  

Сонымен қатар Б. Сағынтаев 2020 жылға дейін ауылдарды талшықты-оптикалық желілерге қосу мәселесін ерекше бақылауға алу қажеттігін атап өтті.

Премьер-Министрдің айтуынша, инновацияларды қолдау және оларды өндіріске жылдам енгізу де өзекті болып табылады. Осыған байланысты ЭКСПО-ның инфрақұрылымдық базасында халықаралық IT-стартаптар технопаркін құру қажет.

«Біз бұл технопарктің бүкіл дүние жүзінен кәсіпкерлер мен инвесторларды тартуы үшін платформаға айналуына қол жеткізуіміз керек. Ол үшін сәйкес инфрақұрылым мен қолайлы жағдайлар жасалуы тиіс», - деп атап өтті Б. Сағынтаев.

Бұл тұрғыда Премьер-Министр ақпарат, ұлттық экономика және қаржы министрліктеріне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып технопарк құру мәселесін және салық жеңілдіктері, жеңілдетілген виза және еңбек режімі түрінде заңнамалық қолдау көрсету мәселесін пысықтауды тапсырды.

Сонымен қатар, білім және ғылым министрлігіне ЖОО-лар, Назарбаев университетінің Астана Бизнес Кампусы және «Алатау» ақпараттық технологиялар паркі базасында отандық ғылыми және инновациялық әлеуетті дамыту бойынша қажетті шараларды қолға алу тапсырылды.

Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев Қазақстан экономикасының негізгі секторларын одан әрі дамытуға байланысты бірқатар тапсырмалар берді

Бақытжан Сағынтаев ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауын іске асыру мәселелері жөнінде өткен Үкімет отырысы барысында логистикалық инфрақұрылымды, тау-кен-металлургия және агроөнеркәсіп кешенін одан әрі дамытуға байланысты бірқатар тапсырмалар берді.

Еске сала кетейік, жақында Мемлекет басшысы Н. Назарбаев Қазақстан халқына жақын келешектегі елімізді дамытудың негізгі басымдықтары көрсетілген жыл сайынғы Жолдауын жолдаған болатын.

Премьер-Министр тау-кен-металлургия және мұнайгаз кешенін одан әрі дамыту үшін отандық өнімді жеткізу географиясын кеңейтіп, геологиялық барлау жұмыстарын белсенді дамыту қажет екенін айтты. Осыған орай, Энергетика министрлігіне жыл соңына дейін Жер қойнауы туралы жаңа кодексті қабылдап, салық заңнамасына қажетті түзетулер енгізу тапсырылды.

Сонымен қатар, Б. Сағынтаев Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, отандық ауыл шаруашылығы Қазақстан экономикасының драйверіне айналуы тиіс екенін айтып өтті.

«Біз экологиялық таза азық-түлік шығару арқылы әлемдік азық-түлік нарықтарында өз орнымызды таба аламыз. «Made in Kazakhstan» брендінің өзі экологиялық таза өніммен байланыстырылуы керек. Бүгінде біз субсидияларды бөлу мен жеке қосалқы шаруашылықтардың әлеуетін пайдалана отырып кооператив құрудың, сонымен қатар, еңбек өнімділігін аттырудың жаңа қағидалары бойынша тәсілдерді әзірледік. Барлық міндеттер кешені АӨК дамытудың жаңа мемлекеттік бағдарламасы аясында іске асырылуы тиіс», - деді Б. Сағынтаев.

Бұдан өзге, Премьер-Министр Мемлекет басшысының жаңа еуразиялық логистикалық инфрақұрылымды дамыту туралы міндет қойғанын айтты.

«Бұл үшін біз жүк тасымалына еркіндік беріп, Азия мен Еуропа арасында трансконтиненттік құрлықтық хаб болуға мүмкіндік беретін, көлік дәліздерін құрып, оларды жаңғыртуымыз қажет. Нәтижесінде біз 2020 жылға қарай контейнерлік жүктер үшін транзиттік тасымал көлемінің көрсеткіштерін жеті есеге, жолаушылар тасымалының көлемін төрт есеге арттыруымыз керек», - деді Б. Сағынтаев.

Осы орайда, Инвестициялар және даму, Сыртқы істер, Ұлттық экономика министрліктеріне алға қойылған міндеттердің шешімін табуға байланысты қажетті шараларды қабылдауға тапсырма берілді.

"Ұлт ақпарат"