16 сәу, 2018 сағат 13:37

Сағынтаев Экономика жөніндегі сараптама кеңесінің отырысын өткізді

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен Экономика жөніндегі сараптама кеңесінің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды primeminister.kz

Отырыс барысында Үшінші жаңғыру (Жаңғырту 3.0) тұрғысынан ұлттық экономиканы дамыту мәселелері және әлемнің 30 озық дамыған елінің қатарына қосылу жөніндегі жалпыұлттық міндеттер талқыланды.

Сараптама кеңесінде Экономикалық саясат саласындағы талдау орталығының сарапшысы Қ. Сәдуақасов, «Қазақстанның халық банкі» АҚ басқарма төрайымы Ү. Шаяхметова, «Сентранс» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Е. Әбдіразақов, «Қазақ мұнай және газ институты» АҚ бас директорының кеңесшісі Ж. Күлекеев, «Астана» халықаралық ғылыми кешені» орталығының басшысы А. Боранбаев, «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы А. Мырзахметов, «Ракурс» экономикалық талдау орталығы» қоғамдық қорының директоры О. Жандосов, «Oil Gas Project» ЖШС директоры Ж. Ахметов, «Қоғамдық мәселелерге талдау жасау орталығы» қоғамдық қорының директоры М. Махмұтова, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Е. Досаев, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі М. Әбілқасымова және т.б. сөз сөйледі.