30 қар, 2017 сағат 14:45

Сағынтаев «Бәйтерек» ҰБХ директорлар кеңесінің отырысын өткізді

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен «Бәйтерек» ұлттық басқарма холдингі» АҚ Директорлар кеңесінің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды "Ұлт ақпаратprimeminister.kz порталына сілтеме жасап.

Отырыс барысында Холдингті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған жоспары, 2018 жылға жоспарланған жылдық бюджеті талқыланды және қызметінің маңызды көрсеткіштерінің карталары түзетілді. Сондай-ақ, холдингтің ақшалай қаражаттарын пайдалану туралы ақпарат пен сын-тегеуріндер бойынша есебі тыңдалды.