21 шіл, 2019 сағат 11:15

Сағынтаев Алматының түйткілі көп аудандарын аралады

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев әлеуметтік желілердегі аккаунттарында қала тұрғындары атап өткен проблемалық аудандарға барды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Атап айтқанда, Наурызбай ауданындағы Ақжар шағын ауданын аралады.

«Молдағұлова (Мақаншы-Жабай), Жауқазын көшелері. Өмір сапасына қатысты мәселелерді көтерген жөн. Су, жарық, жолдар, жүйелі автобус қозғалысы керек. Мәселелер бір-бірімен өзара байланысты. Оларды кезең-кезеңімен шешу керек. Ең бірінші су тоғаны мәселесінің шешімін табу қажет. Орталақтандырылған су жүйесін жүргізу керек. Екінші - көшелерді жарықтандыру. Үшінші – инфрақұрылым жүргізу бойынша жер және монтаждау-құрылыс жұмыстарын аяқтаған соң жолдарды жөндеу керек. Кезең-кезеңімен шешеміз. Негізгісі - су», - деп жазды Instagram желісінде қала басшысы.