#
#
Бейсенбі 12/12/2019

Сағынтаев Алматы мектептеріндегі орын тапшылығын қалай реттейтінін айтып берді

  • 29.11.2019
  • 0
  • 436

Алматыда алдағы екі жыл ішінде жиыны 13 мың орынға арналған бірнеше мектеп ашылады. ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мектеп бойынша проблема бар. Бір сыныпта 40 оқушыдан отырғандар да бар. Десе де, жағдайды жақсарту мәселесін мемлекеттік-жекемшелік әріптестік арқылы шешіп, тиісті модельді әзірлеп, инвесторлардың қолдауымен дефицитті жоямыз деген ойдамын», - деді әкім тілшілердің сұрағына жауап бере отырып.

Бақытжан Сағынтаев ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мектептер мен балабақшалардағы орын тапшылығы проблемаларын шешу жөнінде берген тапсырмасының қалай жүзеге асатыны туралы толығырақ баяндамасында да айтты.

«Бүгінгі күні Алматы мектептеріндегі орын тапшылығы 30 мыңды құрайды. Балабақшаларда орын тапшылығы — 20 мыңнан астам. Бұл проблемаларды шешу үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік қағидасы бойынша мектептер салу бағдарламасы әзірленді. Таяу арадағы екі жыл ішінде шамамен 13 мың орынды сегіз мектеп салынады», — деді қала әкімі.

Әкімнің айтуынша, 2020 жылдың басында 790 орынды бес балабақша пайдалануға беріледі. Жаңа оқу жылында 1 800 орынды екі мектеп және бұрыннан бар мектептердің жанынан 2 017 орындық бес қосалқы нысан іске қосылады.

Бұдан өзге, бұл іске мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жолымен жеке бизнес тартылуда. 2020-2022 жылдары жеке инвестициялық есебінен 2 240 орынды төрт мектепті, 8 000 орынды 300 балабақшаны ашу жоспарланып отыр.

«Осылайша аталған шаралар екі ауысымда білім алатын мектептердегі тапшылықты 30 мың орынға қысқартады. Сонымен қатар, балабақша кезегін 10 мың орынға азайтады», — деп атап өтті Алматы әкімі.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар