22 шіл, 2019 сағат 11:21

Сағынтаев АҚШ-тың Қазақстандағы дипмиссия өкілімен кездесті

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев АҚШ-тың Қазақстандағы дипломатиялық миссиясы басшысының орынбасары Теодор Лингпен кездесті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Қазақстандағы АҚШ-тың дипломатиялық миссиясы басшысының орынбасары Теодор Лингпен кездестім. Инвестициялық, сауда-экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастық перспективаларына қатысты мәселелерді талқыладық», - деп жазды қала басшысы Тwitter-дегі парақшасында.