03 нау, 2017 сағат 10:16

Сағадиев Есентаеваға қатысты сұрақтан хабарсыз екенін айтты

Министр тестілеуге Баян Есентаева туралы сұрақтың не үшін енгізілгенін түсіндірді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" kaz.tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

"Мен бұл сұрақты өзім көрмедім. Мүмкін алып тастау керек шығар. Ал жалпы сұрақтар Қазақстанның Олимпиада чемпиондары жайлы, танымал жазушылар мен суретшілер, әншілер жайлы болады. Нағыз тестілеу кезінде қандай сұрақтар болатынын әлі талқылаймыз", - деді министр.

Еске сала кетейік, осыған дейін Ұлттық орталық Баян Есентаева жайлы сұрақтың неліктен тестілеуге енгізілгенін түсіндірген болатын. 

1 қаңтардан бастап жаңа форматқа өзгертілген сұрақ-жауапта Баян Есентаевамен қатар, талай әртіс-шоумендердің аты аталған екен. Ал, қазақ тілі мен әдебиетінің орнын басқан "Оқу сауатылығы" пәнін осындай сұрақтармен толтырған Ұлттық тестілеу орталығындағылар болса, жастарды шоуға тарттық деп отыр.