23 қаз, 2019 сағат 07:51

Садриддин Ахмедовтың жекпе-жегін қайдан көруге болады

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Садриддин Ахмедовтың (9-0, 8КО) жекпе-жегін «Хабар» арнасы тікелей эфирден көрсететін болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Қазақстан кәсіпқой боксы» ВКонтакте парақшасында хабарланғандай, Садриддин екі күннен кейін Квебекте (Канада) «Ковбой» лақап атты 31 жастағы мексикалық Джонни Наварретемен (33-15-2, 15КО) кездеседі. Айқас 10 раундқа есептелген. Жанкүйерлер жекпе-жекті «Хабар» арнасынан 26 қазан күні сағат 07.00-де көре алады.

Еске сала кетсек, жеңіліп көрмеген қазақстандық Садриддин Ахмедов (9-0, 8КО) келесі кездесуін 25 қазанда Канаданың Квебек қаласында мексикалыққа қарсы өткізетіні хабарланған болатын. Соңғы рет 21 жастағы қазақстандық нокаутшы Тетфор Миндегі (Канада) бокс кеші аясында өнер көрсетіп, рингте мексикалық Даниэль Вега Котаны (14-3-1, 11 КО) техникалық нокаутпен 90 секундта жеңген еді.