#
#
Cәрсенбі 29/01/2020

Садриддин Ахмедов аргентиналық қарсыласын нокаутқа түсірді (Видео)

  • 08.12.2019
  • 0
  • 286

Қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов (10-0, 9 КО) өзінің кәсіби рингтегі кезекті кездесуін өткізді, деп хабарлайды Sports.kz.

Монералда Ахмедов аргентиналық Хосе Вильялобоспен (12-5-2, 7 КО) кездесті. Садриддин жетінші раундта қарсыласын нокаутқа жіберіп, жеңімпаз атанды.

Қазақстандық боксшы қарсыласын нокаутқа түсірердің алдында-ақ бұрыштан-бұрышқа қуалап, ауыр соққының астына алған.

Жеңіліп көрмеген қазақстандық үшін бұл 2019 жылғы 5-ші жекпе-жек болатын. Садриддин олардың 4-уін мерзімінен бұрын аяқтады. Ахмедовтің осымен кәсіби рингте 11 жеңісі бар және ол өз жолынан жаңылмай келеді. Ал Вильялобос үшін бұл - алтыншы жеңіліс.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар