#
#
Сейсенбі 18/02/2020

Садриддин Ахмедов 33 рет жеңген нокаутшымен айқасады

  • 14.02.2020
  • 0
  • 101

12 наурыз күні Монреалда (Канада) бокс кеші өтеді, оған қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов (11-0, 10 КО) қатысады, деп хабарлайды Sports.kz порталы.

Eye of the Tiger Management промоутерлік компаниясының мәліметі бойынша 22 жастағы жастар арасындағы WBC әлем чемпионы және бірінші орта салмақтағы WBC Asia белбеуі иегерінің қарсыласы 32 жастағы тәжірибелі боксшы мексикалық Мауро Альберто Лозано (33-10, 24 КО) болмақ.

Лозано былтыр 24 тамызда соңғы жекпе-жегін өткізіп, бұрынғы әлем чемпионы, британдық Лиам Смиттен (29-2-1, 16 КО) техникалық нокаутпен жеңілді. Сонымен қатар оның қарсыластарының қатарында Ванес Мартиросян (36-4-1, 21 КО), Джермелл Чарло (33-1, 17 КО) және Патрик Тейшейра (31-1, 22 КО) бар. Бірақ латынамерикалық жоғарыда аты аталған боксшылардың бәрінен ұтылған.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар