07 мау, 2019 сағат 13:00

Сәдібек Түгелдің сенімді өкілдері Тайынша ауданында кездесу өткізді

ҚР Президенттігіне кандидат Сәдібек Түгелдің сенімді өкілдері СҚО Тайынша ауданында кездесу өткізді. Бұл жөнінде кандидаттың баспасөз қызметі хабарлады.

Аудандық балалар өнер мектебінде өткен іс-шараға кітапxанашылар мен аудан тұрғындары қатысты. Кездесуді ҚР Президенттігіне кандидат Сәдібек Түгелдің СҚО сайлауалды штабы ұйымдастырды. Кандидаттың сенімді өкілдері Талғат Жансейітов, Бақыт Мұxамедраxимова, Базаргүл Үмбетовалар жиналғандар алдында сөз сөйлеп, Сәдібек Түгелдің сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарымен таныстырды.

Сонымен қатар, кандидаттың сенімді өкілі, ақын Бақыт Мұxамедраxимова сөзінің соңын арнау өлеңмен түйіндеді.

Кездесуге жиналғандар штаб өкілдеріне көкейдегі сауалдарын қойып, өздерінің ой-пікірін жеткізді.