06 мау, 2019 сағат 11:47

Сәдібек Түгел Жаңаөзен халқына сайлауалды бағдарламасын таныстырды

Президенттікке үміткер Сәдібек Түгел Жаңаөзенде қала тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды кандидаттың баспасөз қызметі.

«Жастар шығармашылық орталығында» өткен кездесуде президентікке үміткер Сәдібек Түгел сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары жөнінде баяндады.

Сонымен қатар, кездесу барысында Асқар Бахытжанов, Жансая Ынтымаққызы сынды жастар ҚР Президенттігіне кандидат Сәдібек Түгелдің сайлауалды бағдарламасында айтылған негізгі бағыттары жайлы өз пікірін жеткізді.

Маңғыстау жеріндегі кездесулерден кейін ҚР Президенттігіне кандидат Сәдібек Түгел және оның сайлауалды штабының белсенділері мен сенімді өкілдері киелі мекендегі әулиелік даңқымен мәшһүр Пір Бекеттің мәңгілік дамыл тапқан Оғланды шатқалына барды. Үш жүз алпыс екі әулиенің мекеніне айналған Маңғыстау даласының бір қиырындағы қасиетті орынға зиярат етіп, дұға бағыштады.

Еске сала кетейік, алдағы 9 маусым күні өтетін президент сайлауына 7 кандидат қатысып жатыр.