09 мау, 2019 сағат 22:39

Сәдібек Түгел Тоқаевты жеңісімен құттықтады

«Ұлы Дала қырандары» республикалық қоғамдық қозғалысынан ҚР Президенттігіне кандидат Сәдібек Түгел сайлаудың еxit poll бойынша қорытындысына өз ойын білдірді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Қасым-Жомарт Тоқаев exit poll қорытындысы бойынша 70,13% алғанын естідік. Кандидаттардың бірі ретінде оны шын жүректен құттықтаймын», - деді ол.

С. Түгелдің пікірінше, сайлау ашық әрі әділ өтті. Қазақстандықтар өздерінің азаматтық ұстанымын білдірді. «Мен халықтың ұйымшылдығын, белсенділігін, сонымен қатар демократияға бетбұрысын байқадым. Бұл сайлау болғандықтан да, онда жеңіс те, жеңілуші жақ та бар. Сайлау әділ өтті. Әсіресе, халықтың белсенділігіне тәнтімін. Мұның өзі үлкен жетістік», деді ол.

Еске сала кетейік, «Қоғамдық пікір» институтының мәліметіне сәйкес, еxit poll нәтижесі бойынша 9 маусымда өткен ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауында қазақстандықтардың 70,13% кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевқа дауыс берген.