13 там, 2018 сағат 20:58

Сәбит Нұрлыбай ҚР энергетика вице-министрі болып тағайындалды

ҚР Үкіметінің қаулысымен Нұрлыбай Сәбит Нұрлыбайұлы ҚР энергетика вице-министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды primeminister.kz.

Сәбит Нұрлыбай 1967 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Қазақ политехникалық институтын, А. Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетін тәмамдаған. Мамандығы - инженер-механик, заңгер.

Еңбек жолын 1991 жылы бастаған. Әр жылдары мемлекеттік органдардың құрылымында, оның ішінде ҚР Сыртқы экономикалық байланыстар министрлігінде, ҚР Өнеркәсіп және сауда министрлігінде, ҚР Парламентінде және коммерциялық кәсіпорындарда жұмыс істеген.

1998-2004 жылдары ҚР Энергетика, индустрия және сауда министрлігінде, Энергетика және минералды ресурстар министрлігінде, ҚР Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитетте қызмет еткен.

2004-2009 жылдары Астана қаласының Тұрғын үй департаментінің директоры лауазымын атқарды; білім және ғылым министрінің кеңесшісі, Әкімшілік қамтамасыз ету департаментінің директоры, ҚР Білім және ғылым министрлігінің аппарат басшысы; «ҚазТрансГаз» АҚ аппарат басшысы, бас директордың кеңесшісі ретінде қызмет атқарды.

2009-2017 жылдары ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есеп комитеті төрағасының орынбасары, бірінші орынбасары болып еңбек етті.

2017-2018 жылдары - ҚР Энергетика министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы орынбасарының м.а., орынбасары.

2018 жылдың наурыз айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР энергетика министрінің кеңесшісі қызметін атқарды.

Бұған дейін энергетика вице-министрі лауазымын Ғани Сәдібеков атқарды, ол ҚР Үкіметінің 10.08.2018 ж. қаулысымен қызметінен босатылды.