11 қар, 2018 сағат 11:53

Әлемді жайлаған дерт немесе рухани кемтарлықтың себебі неде?

Рухани жаңғыру керек пе? Иә, керек!  Неге? Себебі, ХХІ ғасырға Адам – азғындап, Қоғам – саяси - экономикалық дағдарыс, ал Табиғат – экологиялық апаттармен кірді... Бұған, бүгінгі Табиғаттағы жер сілкіну, өрт, су алу сияқты түрлі апаттар жийлеп, Қоғамда, саяси-экономикалық дағдарыс көбейіп, ал Адамның өзі азғындап, қызтеке, еркекшора, бәтшақор, нашақор т.б. айтпағанда, бүгінде шерменделік (инцест) заңдастырылып, бір Францияның өзінде, ата-анасымен және қандас бауырларымен  некелескен 50 мыңнан астам, шерменде «жанұя» құрылғаны, дәлел.

Сондықтан бүгінгі Президентіміздің рухани жаңғыру жайлы көтерген мәселесіне, кезекті саяси науқан ретінде қарамай, оны жүзеге асыруға тиіспіз. Ол үшін біз, әрбір мемлекеттің қозғаушы күші, сол елдің негізін қалаған ұлт болғандықтан, мемлекетіміздің рухани жаңғыруына  жауапты екенімізді мойындап, көмескілене бастаған өзіміздің ұлттық бейнемізді қайта жаңғыртып, жақсылығымызды жетілдіріп, кемшілігімізді түзетіп, өзге ұлттарға өнеге көрсетіп, рухани жаңғыруды өзімізден бастағанымыз дұрыс...

Зорлық-зомбылықтың алдын алу үшін һәм саламатты ұрпақ қалыптасу үшін рухани тәрбие тал бесіктен бастылуы керек. 

                                   Ол үшін жас ұрпаққа рухани тәрбие берелік...

Тіршілік (биосфера) әлемінен өтіп, енді басталған Сана (ноосфера), әлемінің заңдарына сай, өмір сүретін жас ұрпақты тәрбиелеуді бастамас бұрын, біз оларды, әлем үйлесімділік заңдылығынан хабардар етелік. Тән тәрбиесі адамды Табиғатпен байланыстырып, оған тәні ауырмай, табиғат заңына сай тіршілік кешуді үйретсе, Жан тәрбиесі, адамды жаны қиналмай, Қоғамда өмір сүруге үйретеді, ал Рух тәрбиесі, ұрпақты болашақпен байланыстырып, әлем үйлесімділік заңдылығына  сай, Табиғат, Қоғаммен, үйлесімділікте болуға тәрбиелейді...

Сондықтан, біз, ұрпақ сабақтастығын, әлем үйлесімділік заңдылығына сай етуіміз үшін,  мектептептерде, Адамның Бүгіні үшін ғана беріліп жатқан, пендешілік (жаратылыстану-қоғамдық) ілімдерге қоса, жас ұрпаққа рухани тәрбие беру жағында ойластыруымыз керек. Ал, ол үшін біз бүгін ең алдымен жүйесіз, тиіп-қашып беріліп жүрген тән-жан тәрбиесіндегі, кемшіліктерімізді түзетіп, олқылықтарды толтырып, ұрпақ тәрбиесін әлем үйлесімділік заңдылығына сай етіп, рухани тәрбиемен үйлесімділікте беру жағын ойластыруымыз керек...

                                    Ол үшін Тәрбиеден Ғылымды ілгері жібермелік...

Ұлы Фараби ғылымға қарсылығынан емес, ал адамзаттың болашағын ойлағаннан, әлемдік тепе-теңдік, яғни үйлесімділіктің бұзылуынан қорқып "Адамзат үшін, тәрбиесіз білім - қауіпті" деген, ескертуін тыңдамай, пендешілікпен Адам жүрегі жоқ, қуаты мол – Ғылымды, жүрегі бар, қуаты аз Тәрбиеден артық дамытты... Нәтижеде, ғылымның арқасында атом бомбасы шығарылды, бірақ рухани тәрбие болмағасын, одан келер зиян ескерілмеді. Бұл ұрпақ тәрбиесіне тек ғылыми негіз емес, рухани тәрбиеде беру керек деген сөз.

Ғылымның даму нәтижесінде, ұялы телефон дүниеге келді, бұл жақсы. Бірақ Адам ұрпағының болашағын ойламай, ұялы телефонды бұрыс пайдалану адамның Санасын бодандап, талдау қасиетін төмендетіп, оның  келешекте өзі түгіл ұрпағына зиян келтіретінін, ал одан шығатын радиациялық сәуле 4 Грей болса обыр, бедеулік, белсіздік тәрізді қатерлі науқастарды көбейтіп, адамды ауыртатынын, ал 9 Грей болса өлтіретінін, рухани ұстаным жоқтықтан, яғни Тәрбиеден Ғылым ілгері кеткендіктен айтылмады, әлі айтылмай келеді...

Адамзат Ертеңін ойламай тек  Бүгінімен өмір сүргендіктен, «...енді 10-15 жылдан, адамзаттың атқаратын жұмысының 50 пайызын робот атқаратын болады» деп қуанады. Сонда жұмыссыз қалғандар напақасын қалай табады? Оның үстіне «жұмыс» Саналы Адам үшін, тек напақа табу әдісі емес, ал саналы адамға адами қасиет (гормон) сыйлайтын құрал. Сондықтан, Адам қазірдің өзінде жүйелі рухани тәрбие жоқтықтан, кінәлі болудан қорықса да, күнә жасаудан қорықпай, өз напақасын еңбекпен емес, қулықпен табудан ұялмайтын болды... 

                     Адам кінәлі болудан қорқады, ал күнә жасаудан қорықпайды...     

Адамзат, өркениет туындылары: рентген, рад, грей, зиверт, БЭР шығаратын радиациялық сәулелерден: ақ қан, бедеулік, обыр т.б. қатерлі науқастарға шалдығуы мүмкін екенін біліп, олардан қорқады. Ал рухани сауатсыздықтан, нәпсіні тежей алмай, әлем үйлесімділік заңдылығы түгіл, тіпті Табиғат, Қоғам, Адам   заңдарына қайшы өсек, өтірік айтып, жалақорлық, зинақорлық, т.б. жасап «кірлеуден», яғни күнә жасаудан қорықпайтын болды. Сондықтан, бүгін, иман азайып, жүрек қатайды... Нәтижеде, қарттар, жетімдер, аналар үйлері көбейді...   

Адамзат, ұрпағының Ертеңін ойламай, тек өзінің, Бүгінімен ғана өмір сүргендіктен ол, ақша үшін: тәтті тағамдарға (торт, т.б.), қанттан 200 есе күшті, дәмдеуіш (аспартам) қосып,  сусақтықты (диабет) көбейтсе, ал жас ұрпақты ұялы телефонға тәуелді етіп, белсіздік тәрізді ауруларды көбейтті, осындай «жаңалықтарымен» адамзат бүгін өз тамырына балта шабуда. Сондықтан, ұрпақ жайын ойласақ, біз, осыларға тек ғылыми негіз берумен шектелмей, рухани жағында ойластырып,  адамға зиян келмейтін жағын да қарастырып, пайдалануымыз керек.

Тән тазалығымен қатар, адамға Жан тазалығыда қажет. Сондықтан, біз арам-адалды араластырмау үшін,  жас ұрпаққа арам-адалды ажыратуды үйреткеніміз дұрыс. Қазір, әль илляһи (трансцендент) қуатын  білмегендіктен, яғни рухани надандықтан, бала емізіп жатып «қос махаббатты қосу» деп, арам-адалды араластырып, жыныстық қатынас жасайды. Осының, нәтижесінде, пайда болған баланың,  сайтанымен (пролактин) періштесі (окситоцин) қосылып,  оның   тілі тәтті, бірақ жүрегі қатты кәззап болып, талайды тақырға отырғызары сөзсіз...

                           «Жақсылық қылсаң да өзіңе, жамандық қылсаңда өзіңе...»    

Ғұламалар: «Напақаң үшін, фәниде жиған шақаңнан (тиын-тебеніңнен), иманың үшін жиғаның, ең болмаса бір мысқал (2,5гр.) артық болсын» деген. Бұл, «жасаған пендешілігіңнен, жасаған жақсылығың көп болсын» деген. Ал, «жақсылықты» адам, біреу үшін, не фәнидегі абыройы  үшін, не Жаратушы үшін де емес, ал өз жаны «кірлемеу» үшін істейді. Ал жаны «кірлеген» пенденің,  қанша абырой, атақ, ақшасы болғанмен, оның жүрегін қорқыныш билеп, рухы баяз таппай, ол қуаныштың дәмін, бақыттың мәнін білмеумен,  тіршілік кешеді...

"Адамның Рухы шынымен «кірлей» ме екен?" деген  сұрақтың жауабын ұлтына, дініне қарамай, көптеген ғалымдар іздеді. Дегенмен, іздеген 10 ғалымның ішінде, бірінші болып, жан салмағын  1854 жылы Рудольф Зиверт, ал ең соңында 2008 жылы нанатехнология әдісімен Алекс Зетл өлшеді. Бірақ, соңғы нүктені, фәниден бақиға аттанып бара жатқан адамның жанын, Грейс шкаласы арқылы, психостазия әдісімен өлшеп, Борис Искаков қойды... Бұл жаңалық, ғалымдардың  «әлем құрылымына» деген, көзқарасын өзгертті...

Нәтижеде, адам жанының салмағы 2,5гр.-6,5гр. аралығында екені анықталды. Бұдан, егер жан 2,5гр.-4,5гр. аралығында болса, ол кірлемеген, таза, жеңіл болғандықтан, оның өмірі мәнді, тіршілігі сәнді болып, ол бақилықта -  аспанға («Қара ойық»),  яғни - жұмаққа, ал «кірлеген», яғни күнәсі көп болса, жан 4,5 гр.- 6,5 гр. арасында болып, онда, оның, жаны баяз таппай, жүрегін қорқыныш билеп, ол жанын тапсыра алмай, аласұрып, бақилықта, Жерге кіреді (Кольск жартыаралы, не «Дарбаза»), дозаққа барады" деген, болжам жасауға болады.

Ал, күнәһар, ешқашан күнәсінен, жазаланбай, құтылып кетпейді. Бұл, әлемдік үйлесімділік заңы. Жаратушы оның, өзін болмаса, бәрібір тәнін ауыртатын - 6, яғни денсаулық, бостандық, тыныштық т.б. жанын қинайтын – 6, яғни ата-ана, бала, жары, т.б. рухын кірлететін - 6 жақыны, иманымен, тәубесін алумен бірге, оның фәниде жиған абырой, атағында қосып алу арқылыда, жазалайды. Ал абырой саналы адамға, екі дүниеде бірдей керек

                  Жүйелі рухани тәрбие жоқтықтан, пендешілік басым болды...

«Мың жыл бұрын, 1/1000-Уәли, жүз жыл бұрын 1/40-Қыдыр болса, ал бүгін, 1/2 сайтан болды». Неге?  ... Жаратушы Табиғат, Қоғам, Адамды  біртұтас бірлік етіп жаратып, оның тіршілікке ие бес туындысы: өсімдік, зәре (микро) ағза, жәндік, хайуан, адам, соның  ішінде, тек Адамға ғана, әлемдік Сана әлемімен байланысатын Сана берген. Сол Сана арқылы, оған өзінің ой-пікірі, ниеті, іс-әрекеті шығаратын әль илляһи (тылсым)  қуатымен, 7 безіндегі  7 мың қоздырғышымен (гормон) 2 түрлі қуат алып, тек өзін емес, бүкіл Жер жүзіндегі тепе-теңдіктің сақталуын, яғни үйлесімділік заңдылығы бұзылмауын қадағалау тапсырылған...

Дегенмен, Адам, әлем үйлесімділік заңдылығына сай, бергенге қанағатты, алғанға сабырлы болып, тапсырманы қадағалаудың орнына, ол М х N = X < ∞, ұстанымен, яғни «өзіне жақсылық тілеуін,  даналығына көбейтіп, белгісіздікке жетіп, шексіздікке бет алды... Сөйтіп, Адам, әль илляһи (әруақ) қуатын Жер бетіндегі, тіршіліктің игілігіне жұмсаудың орнына, байлық, билік, ақша, яғни тәнімен жанын рахатқа бөлейтін заттардың бәрін, тек Бүгін, тек Өзім, шексіз, ала берсем,...деген, ұстаныммен, бүгінгі күнге жетті...

...Сондықтан, Адамның өзі түгіл, сөзімен, ойыда, тәни (материя) қасиетке ие екенін, ғылым мойындасада, Бүгінімен ғана, өмір сүретін Адам, мұны мойындауға құлықсыз... Ал, әлем үйлесімділік заңдылығын бұзатында-түзейтінде, осы ақ-қара 2 қуат. 1.Фалақ-дарун (жарық сәуле) оны бата, алғыс, мейрім т.б.адамның адами пейлі шығарады. 2. Халақ-дарун (жүйесіз сәуле) мұны адамның: күншілдік, қызғаныш т.б жаман ойларымен, жемқорлық, зинақорлық сияқты әрекеттері шығарады... Бүгінде «Адам пейлінен табады» деген қара қуат көбейді...

Сол себепті, Қазақстандағы киіктің қырылуын ысырапшылдықтын, ал жемқорлықтың көбеюін, арам сүт емген, «Азамат» аталғандардың көбеюінен, ал обырдың (рак) көбеюін зинақорлықтан (Бақара сүресі, 234 аят. Идда мерзімі), сондай-ақ бүгінгі алапат дауыл, жазда қар жауып, күннің суытуы,  т.б. әлем үйлесімділік заңдылығын бұзғанымыздың  ескертуі деп, біліп қорытынды шығаруымыз керек... Сонымен бірге, бұл жас ұрпаққа, тек тән-жан тәрбиесін берумен шектелмей, жүйелі рухани тәрбиеде беру керектігін меңземейме?!. 

Белгілі ғалым А. Гостев ашына «Духовно-религиозные традиции говорят о том, что все мысли и образы, которые порождаются человеком, фиксируются на неком «планетарном» и даже «вселенском»  уровне, поэтому люди не имеют права засорять «психосферу планеты» деді. Бұл, «Адам, жаман ой, теріс әрекетімен, әлем үйлесімділігін бұзуға, яғни тіршілік кіндігін ластауға хұқы жоқ» деген. Ал, бүгінгі қоғамда «Балық, басынан шіріп»  халықтың қамын жеуге тиіс, «Азамат» деп, жүрген жандарымыз, халықты, өздері жеп жатқан жоқпа?!

                                                           Еліктеудің зардабы

«Пышақ, дұрыс пайдалансаң, адамның қолын ұзартатын құрал, ал бұрыс пайдалансаң адамды жаралайтын – қару».  Қазіргі ТВ, ағартудан гөрі, аздыруға бет бұрған секілді, себебі «Американың күлкілі видиосы» сияқты хабарларға еліктеумен жасалған, ұлтымызға жат,  адамның  норадреналинін қоздырып, оның санасын оттан алып, суға салатын, яғни біреудің қорыққанынан ләззат алып, қара қуат жинайтын, осындай хабарларға, ұрпақ жайын ойласақ, тосқауыл қоюымыз керек! Мұның себебін, мамандар айтсын... Әлемде, қазір адам санасын жаулау үшін «соғыс» жүріп жатыр. Бұған, бір АҚШ 1 жылда 5 млрд доллар жұмсайды екен...

«Ләззат күні» (день оргазма)  «мейрамын» дүниеге әкеліп «Айына, танымайтын кісімен, бір рет болсада жыныстық қатынасқа түсу, денсаулыққа өте пайдалы» деп, жезөкшелікті ашық жарнамалап, жүрген  Донна Шихеннін сөзіне сеніп, екіқабат болып, баласын қоқысқа тастайтындар көбейді. Біз, қазір, жас ұрпақтың, «іргетасын» дұрыстап қалап, яғни нәпсісін тежеп, имандылыққа баулып, рухани тәрбие беріп, болғызбаудың орнына,  «мектепте, жүкті болмау жолдарын  үйрету  керек» деп, ұялмай, нәтижесімен күресуге үгіттеп жүрміз... 

Қазір, үлгі тұтқан, орыстарымыз  «спасибо, яғни «спаси бо(г)» деп, Жаратушыдан, өзіне көмектескен адамға тілек айтса, олар «не стоит» деп қабылдамағасын, бізде соларға еліктеп, біреу  көрсеткен көмегіміз үшін «рахмет» деп тілек айтса, «әдептілік  белгісі» деп есептеп, «оқасы (қажеті) жоқ» деп, тәрк етеміз. Ал,«Рахмет» (толық «Рахым ет, Алла») бұл сөз қазір, алғыс болып есептеледі. Ал, бұл алғыс емес, тілек, қазір күнәсіз адам жоқ, сондықтан, бұл, Жаратушыдан, өзіне көмектескен адамның күнәсін кешіруді сұрау, яғни имандылық.

Адамның басына түскен сынақ, егер, Алладан болса - «жазмыш» дейді, ал «тағдыр» деп, Жаратушының  Адамға берген 2 жолының бірін атайды. Қай жолмен жүруді, саналы адам, өзі шешеді. Сондықтан да, «Адам, өз тағдырының ұстасы» дейді. Тура жолмен жүргенге, бәле жоқ. Ал, нәпсісін тежей алмай, Жаратушының тура жолымен жүрмей, адасқан  Адамға, қатесін өзінен емес, өзгеден көру үшін «тағдырмен» «жазмышты» шатастырған ыңғайлы. Бұл, оған қатесін үкіметтен, заманнан, т.б., тіпті Жаратушыдан көрседе, өзінен көрмеуге жақсы ...

Махаббат және құмарлық (ғашықтық). Бұл екеуі, екі түрлі сезім. Егер, сезімнің әміршісі Жүрек болса, онда адамның періштесі оянып (окситоцин), сүйіктісін көргеніне-ақ көңілі толады, бұл, сүйіктісінің Жанына қызыққаны, яғни рухани жақындығы. Бұл сезімді – Махаббат дейді. Ал егер, адамның сезімінің әміршісі Нәпсі болса, ол «сүйіктісінің» Тәніне, яғни сымбатына қызығып, оның сайтаны оянып (эндорфин), жыныстық жақындыққа ұмтылады. Бұл - құмарлық. Шын сүйген адам, некесі қиылмай,  «жақындыққа» бармайды!

                           Қазір балаларда туабіткен науқастар неге көбейді?

Бүгінде,  баланың  сал (ДЦП), микеще (аутизм), миғұла (паркинсон) т.б. науқастарға  шалдығып  туылуы, кәдуілгі жағдайға айналды. «Бұрын, өте сирек кездесетін бұл науқастар, қазір неге көбейді?»  деген, сұраққа, тіпті қазіргі медицинада тұшымды жауап бермейді. Қазір әлемде, 1/42 миғұла, микеще, сал науқастарымен туылса, біздің өзімізде 19 мың бала сал ауруымен тіркеуде тұр... Мұны, бірде табиғаттың тосын сыйы десе, енді бірде өркениеттің  дамуынан  дейді, ал кейде, тіпті «жазмыш» деп, Құдайдан  көрседе, Адам өзінен көрмейді...

Ал, бұл науқастарға кінәлі, нәпсінің құлы болған, рухани надан Адамның өзі. Бұрында, ұрпақ сабақтастығымыз мықты, ата-ана балаларына сыйлы кезде, мұның себебін қазақтың кезкелген кейуанасы біліп, алдын алуға тырысатын еді. Олар келіні екіқабат болып, бала көтергесін 4-5 айдан бастап, келінінің әлсіз, ал өз баласының нәпсіқұмар екенін байқаса «тумай жатып, немеремнің басына, тоқпақ тиіп, микеще болып жүрмесін» деп, келінін, босанғанша,  қасына алып жатқасын, «бұл науқастар, бізде болмаған» еді...  деуге болады.

Бұл, науқастардың, бізде пайда болуына  арақ, шарап, есірткімен бірге, БАҚ-тың жыныстық  «ойындарды» үздіксіз жарнамалауыда себеп болса, екінші себеп «екіқабат кездегі, жыныстық қатынастың, ләззәтін-ай»  деп, тамсана уағыздап жүрген  Тутти Ларсен секілді залымдардың сөзіне сеніп,  жабайы ләззатқа құштар болған,  біздің ұлтымыздың өкілдері де бар. Қазақ, осындай науқасы бар бала туылған румен «тексіз» деп құда болмаған. Ал өздері әйелі екіқабат болғасын, ұрпақ болашағын ойлап, 4-5 айдан бастап, әйелін «мазаламаған».     

Қазақ, міні жоқ затты «қыздың баласындай екен» дейді. Себебі қыз, жүкті болып қалғасын, ұялып, жыныстық қатынасын жалғастыра алмайды, сондықтан оның баласының  «басына тоқпақ тимейді». Ал «тоқпақты», ұрпағының болашағын ойламайтын, нәпсіқұмар, надан әкелер тигізеді. Сондықтан оларды «Көрейін таңның атуын, күннің батуын ғана білсең, серілік құрғаныңды»  деп, жұмысқа салған... не өзі есті болса нәпсісін, ермекпен (хобби) ауыздықтап, яғни артық қуатын қызығатын ісімен шұғылдануға жұмсаған...

Нәпсіқұмардың, хайуани әрекетінен баланы  қорғау үшін, жатыр үш қабат қабықтан жасалғанын, Құранның 23 «Аль Муминун» сүресінің 13-14 аяттарында айтқанын, адамзат  қазір ғана білді. Оның 1 қабаты адамның рухына, 2 жанына, ал 3 тәніне,  жауапты болып, оның 1 - соғылса, баланың мейрімі аз, салқын, ал 2- жани соғылса, пендешілігі басым болып - жемқор, т.б. ал 3- тәни зақымдалса бала микеще,  миғұла, сал, т.б. болатынын, әлем үйлесімділік заңдылығынан, сондай-ақ френологиядан хабары бар адам, енді түсіне бастады.  

                     Әйелдерде неге кеуде, жатыр обыры көбейді?

Әйелдің, еркекке қарағанда, ұяты екі есе көп болуына байланысты, оның көрсетуге тыйым салынған жеріде, екі есе көп. Олар: сан (10 %), қолтық (20%), кеуде (30%), жыныстық мүшелер (40%)... Еркектердің қуаты азайғасын,оларды қоздыру мақсатында мини, бикини, декольте шығарылды. Бұл, еркектердің сұғын (оның массасы 10-30 дәрежеден  10-20 дәреже арасында) күшейтіп, қара қуат, яғни халак-дарун, әйелдерде кеуде обырын көбейтті...Қазір, осы аурудан күніге 2 әйел өледі екен. Ал енді, рухани тәрбие беріліп, имани ұстаным қалыптастырмасақ, нәтижесін болжаудың өзі қиын...Мұсылман елдерде, бұл науқас, жоқ.         

Құранның «Бақара» сүресінің  234 аятында,  ажырасқан, не жесір қалған әйел «Идда мерзімі», яғни 120 күн өтпей, екінші ер адаммен жыныстық  жақындықта болса, жатыр обыры  ауруына тап болуы мүмкін екені айтылған... «Наука следует за Кораном»... Исследования, проведенные американской исследовательской группой, Кембриджского университета доказали научную мудрость Корана, связанных с определением срока 120 дней... если до истечения этого срока происходит контакт с другим... это станет причиной раковых опухолей... груди и яичников у женщин, имеющих такой половой контакт...

                               Жалғандық дағдылы жағдайға айналды

Адамзаттың, жақсы ниетімен, жаман пейлінен шығатын, бұл жалғандықтар қазір, дағдылы жағдайға айналды. Сондықтан пендешілікпен істелген жалғандықтың өзі, адамзаттың өзіне зауал болары сөзсіз. Бұған, тәнге тиісті, спортта, жетістікке - есірткімен, әлем аруына – отамен, сұлу мүсінге селиконмен, ал жанға тиісті, бала – ЭКО-мен, музыка – фонограммамен жетістікке жету жатады. Өкінішке қарай, бұл күнде жалғандық дағдылы жағдайға айналып, бұл аздай жалған дәрі, жасанды азық-түлік т.б. жасауда көбейді... Адамзаттың Бүгінгі жасаған қатесі үшін, Ертең, ұрпағы «атаңа нәлет» деген, қарғысты естіп, жауап берері анық...

Қазір, жалғандық жақсы ниеттен, яғни тән-жанға тиісті заттарда ғана емес, о баста санаға сына қағып, рухани кірлету үшін шыққан заттарда одан да көбейді.  Сондықтан олардан келер қауіп, сұмдық ауыр. Себебі адамға, бүгін, Тіршілік әлемінен, яғни балалық шақтан, есею, яғни Сана әлеміне өткен кезінде, «маскүнем», «нашақор» деген, атаққа ие болу үшін, арақты т.б. бұрынғыдай, жылдап ішпей-ақ 1-2 рет пайдаланса да жеткілікті, себебі оның ішіне, ақша үшін, ары түгіл, иманын сататын қулар, адамның Санасын зақымдап, есін алатын, метанол тәрізді түрлі қоспалар қосады, бұл, адамды жан шошырлық қылмыстарға апаруы мүмкін...       

                                 Рухани ұстанымның дұшпандары кім?

1. Зигмунд Фрейд - адам санасын, тән ләззатын алуға бұрған «ғалым». Ол алғашқы рет, өз әкесін өлтіріп, анасына үйленген Эдип патшаның үлгісі түрткі болып, өз анасына, тән құмарлығы оянғанын, досы Флиске айтып беріп, осы Эдип шерменделігін (Эдипов комплекс)  негізге алып, еңбек жазған...Қазір, осы, жанын тапсыра алмай, аласұрып өлген, нашақор-шерменденің еңбегін басшылыққа алып, жас ұрпақ тәрбиелейтін «ұстаз» дайындап жүрміз...

2. Сальвадор Дали – сюрреализм (ақиқаттанда жоғары) сынды ағымды әкеліп,  сұлулық  өнерін ластаушы. «Сүретші» Дали, сүрет өнеріне: баланы жеп жатқан шибөрі, құлаққа кіріп-шығып жатқан құрт сияқты адамның санасына сыймайтын «жаңалықтары» аздай, ер адамның жыныстық мүшелерін, өзі жарнамалап, адам жанын тазартатын сурет өнеріне, анайылық енгізіп, адамның хайуни түйсігін оятты. Бүгінгі таңда, оны пір тұтатындар, біздеде көбейді...

3. Парацельс (Цельстен озған) - адамды табиғи емнен алшақтатып, жасанды дәріге (таблетка) тәуелді еткен, алғашқы дәрігер. Онымен қоймай, адамзатқа жасанды бақыт сыйлап,   адамның есірткіге  тәуелді болуына, өзі  жол ашып, есірткімен емделу керектігін насихаттады. Ол, осы «еңбегін» бұлдап, «мен, ұлы рим дәрігері Цельстенде оздым» деп, тіпті тегін, Парацельс қылып өзгертіп алған. Ол 48 жасында белгісіз жағдайда дүние салды.

4. Майкл Джексон – санаға сына қағушы. О баста, М. Джексон, «Битлз» дегендерді, әлемді билеп тұрған «Коммитет 300»дің,  есірткіні жарнамалауға шығарған «туындылары» болатын. Кейін, жастардың санасын улау үшін, оның қимылын, түр-түсін өзгертіп, қалыптасқан құндылықтарға, яғни адамды бұзатын поп-музыка арқылы, адамды рухани байытатын классикалық музыкаға соққы берді. Нәтижеде, санаға сына қағып, өзі есірткіден көз жұмды.

5. Хироси Исигуро – робот жасаушы. Ол андроид, яғни адам тәрізді робот жасап,  қызмет көрсететін: даяшы, есепші, мұғалім, т.б. жұмыстарды, соларға тапсыра бастады. Бұл, біріншіден: жаппай жұмыссыздықты көбейтсе, екіншіден бұл, адами байланыстарды жойып, адамның мейрім қасиеттерін азайтып, жүрегін қатайтады. Ал үшіншіден, андроидтер бағынбай кетіп, адамзаттың өзіне, қауіп төндіруі мүмкін. Бұл, «тіршілік жойылады» деген...

                                        Ұрпағымыз білуі керек мәліметтер

Мәлімет. ҚР 2016 жылы, ажырасудан 1 орын, жанықастықтан әлемде 3 орын болды, бұл рухани қуаттың аздығы, тіпті жоқтығы. Нәпсінің құлы болғаннан 958 мың түсік тасталып (өлтіріліп), соның 20 мыңы екіқабат болып қалған оқушы қыздардан. Ал оқушы балалардың 35% арақ ішіп көрген болса, соның 17% ішуді әдетке айналдырған, ал 3,5 мың оқушы "маскүнем" деген, атпен, тіркеуде тұр... Бұған, «аққа, кір тез жұғады» деген,  жүйелі рухани  тәрбиенің жоқтығы, жынойнақтың көптігі себеп болып отыр...                                     

Тәни-жани болып саналатын 72 қуаттың ішінде, ең ауыр тәни қуаттар, адамның 7 түрлі әрекетінен шығады: 1- шерменделік (ата-анасы, не туысымен «жақындық»), 2-қызтекелік (еркектің еркекке құштарлығы), 3-еркекшора (әйелдің әйелге) 4- бәтшақорлық (педофилия), 5-жынысын өзгерту, не ақталану (чайлд-фри), 6 – өлім аңсау (эвтаназия), 7- ағза сату, жеу (маньяк) жатады. Жани қуаттар: 1-жемқорлық, 2-зинақорлық, 3-нашақорлық, 4-алаяқтық, 5-құмарпаздық, 6-маскүнемдіктен, 7-күншілдіктен шығады. Есің болса, осылардан аулақ бол!

                                      Жан тәрбиесі,  жан қиналмау үшін керек...       

Біздің  халықтың, тектік-мұралық жадында «ажырасу» деген, түсінік болмаған, деуге болады. Себебі, бізде, бұрын «кіммен ағарсаң (тұрмысқа шықсаң), сонымен қарай (өл)» деген, ұстаным болатын. Бұл, күйеуі қайтыс болып, «әменгерлік салтымен» біреуге атастырмаса, «әйел, ерден кетседе, елден кетпейді» деп, балаларын туыстарынан айырмау үшін, әйел сол елде қалған. Қазір, мұны «әйел теңдігі болмаған» дейді. Онда неге, қазақ «әйелді, әйел деп даттама, олда еркектің баласы, ал еркекті, еркек деп мақтама, әйел оның - анасы» деген?!

Бізде, сондай-ақ, жанықастық болмаған, себебі «жанықасқа – жаназа жоқ» деген. Жанықастық, көбінесе, «адамның ашуын, адам алады» деген, сыр-сұхбат жоқтықтан, не «ағайын – бір өліде, бір тіріде» деген,  өзінің уайым-қайғысымен,  жалғыз қалғаннан болады. Бұл, қарылғаш достықтың жоқтығы, яғни ұлтымызға тән, имани ұстанымның азаюынан. Түсік тастау, «қызға, қырық үйден тыюдың» болмауынан, еліктеумен ұяттың (серотонин) азаюы (бикини, мини,  декольте), ТВ дан жыныстық ойындардың үздіксіз жарнамалануы т.б.   

Баласын қоқысқа тастау. «Торғайекеш, торғайда балапанын қорғайды». Ал біздің қыздар неге балаларын тастайды? Оған бірінші себеп, «тек» (кедергі) жоқ болғандықтан -  еліктеудің күштілігі, екінші себеп, ТВ ның норадреналин шығарып, окситоцинді (мейрім) жоятын «тек күлкі үшін» сияқты хабарлар. Үшінші себеп «бейтаныс кісімен айына бір жыныстық қатынасқа түсу өте пайдалы» деп, жүрген Донна Шихем және « екіқабат кездегі жыныстық қатынас ләззәтін-ай» деген Тутти Ларсен, секілді залымдарды «жарнамалауының»  әсері бар.

                           Азғындап кетпеу үшін, еліктеудің зардабын жоялық         

Дініміздің, шошқа етін «арам» деуіне, оның ластығын айтпағанда, шошқаның, шын аш болса, өз баласын жеп, өскесін баласы-анасына, атасы-баласына «шабатыны»...Бұл, табиғат заңына жат әрекеті, шошқа етін, жегеннің нәпсісін тежейтін қасиеті (серотонин)  жойып, оның еліру қасиетін (адреналин) күшейтеді. Сондықтан, шошқа етін жеген:  батыл, бірақ мейрімі аз, тәні суыққа шыдамды, бірақ туысына жылылығы жоқ, денсаулығы мықты, бірақ жүйкесі әлсіз, қайраты көп, бірақ ұяты аз болады. Осыны, мұсылмандардан көріп, зерттеген жөйіттерде, 1190 жылдан бастап, раввиндерінің бәтуасымен, шошқа етін жеуден бас тартқан... 

Кеше, «катын» деген сөз үшін, пышаққа түсетін жігіттеріміз, бүгін жынысын, өзі өзгертіп, қызтеке болып жатыр... Қазір, БАҚ осылармен «сырласқан» болып, осыларды жайлап, жарнамалай бастады... Ал, бұл Табиғат заңына қайшы азғындауды болдырмау үшін, яғни ер адамда әйелге тән эстроген (гормон) пайда болмас үшін, қасиетті Құран, ер адамға алтын тақпауға, қызыл түстен және әйелше киінбеуді, әйелдер тіршілік аймағынан (ас үй т.б.) аулақ болуға кеңес берген еді... Сондықтан, мұның Бүгін алдын алмасақ, Ертең кеш болады...     

                                                           Қорыта айтқанда...

Бүгінде біз Батысқа еліктеп, олардың ұстанымдарын басшылыққа алғандықтан, Шығысты – дінмен, ал Батысты – ғылыммен ғана астастырамыз (ассоциировать). Дегенмен біз Шығыстың түлегі болғандықтан, "Табиғат заңын бұзсақ - ауыратынымызды, Қоғам заңын бұзсақ - жазаланатынымызды, ал  Адам заңын бұзсақ-ұялатынымызды есте сақтаумыз керек» екенін, даналарымыз ескертіп кеткен. Сондықтан біз, аталарымыздың салып берген сара жолынан ауытқу, адасу екенін, ұмытпағанымыз дұрыс...    

Пайғамбарымыз, Қытайды онша ұнатпасада, «Пайдалы ілім болса, Қытайда болса да барып ал» деген, үмметіне өсиет қалдырған. Бұл «зерттемей көшіріп ал» дегенді білдірмейді. Біреуге болған, біреуге болмауы мүмкін. Сондықтан, мұны, өз ой елегіңнен өткізіп және бабаларыңның тектік-мұралық жадындағы мәліметтермен салыстырып,  «өзіңе қажетін ал» деген деп, түсіну керек... Жөйіттер, мұсылмандарды ұнатпасада, бізден шошқа етін жемеуді, баланы сүндеттеуді, жеті атасынан жақынға үйленбеуді, екі ғасырдай уақыт зерттеп алып, дұрыс екеніне көз жеткізгесін, Иерусалимде, жүзеге асыруға бәтуа шығарған...

Қазіргі ғылым, адам бойындағы 7 мың қоздырғыштың (гормон), 1 % жетпейтін, яғни 70-ке жуығын ғана зерттеп, оныңда 60- жуығы жайлы үстіртін, пікірін айтты... Ал енді, сол тәни, жани, рухани деп, аталатын 7 мың қоздырғыштың, әрқайсын ерекшеліктеріне қарай, имани, сайтани деп, екі айырсақ: қызтеке, еркекшора, бәтшақор cияқты азғындаулар  болмас еді... Қазір рухани сауатсыздықтан, шатастыруға болмайтын, махаббатпен-құмарлық сияқты, сезімдерді араластыруымызға байланысты, шерменделік (инцест) сияқты азғындау көбейді.

Сондай-ақ, егер қоздырғыштардың (гормон) ертедүние ғұламаларының еңбектерінен, қоздырғыштардың ұмытылған бөлігін тапсақ: қылмыс, жала, өтірік, сияқты т.б.  адамның  хайуни түйсігі шығаратын, әділетсіздіктердің нәтижесінен  құтылар едік. Ал Сана әлемінің үйлесімділік заңымен жүретін, жаңа Адам тәрбиелеу, біздің ұлтымыз сияқты жас, азғындап үлгермеген ұлтқа қиын болмасы анық. Сондықтан, жастарымыздың мейрімі аз, жүрегі тас болмау үшін, оларға «рухани тәрбие беріп, имани ұстаным қалыптастыралық»!

Мусатай  Көрпелиев