10 қар, 2017 сағат 08:37

Рухани жаңғыру – ұлттың жаңғыруы

Қараша айының 9 жұлдызы «Қазақстан» ОКЗ кіші залында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар – рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Рухани жаңғыру – Ұлттың жаңғыруы» атты дөңгелек үстел өткізеді.

Кездесу қонақтары Абайтанушы, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің доценті Омар Жәлелұлы, Айтыскер ақын, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты. Серікзат Дүйсенғазы, Журналист, "Қазақ радиолары" ЖШС-і Бас директоры Мәди Манатбек және «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Phd докторы Асхат Маемиров.

«Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс. Абайдың даналығы, Әуезовтің ғұламалығы, Жамбылдың жырлары мен Құрманғазының күйлері, ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар үні – бұлар біздің рухани мәдениетіміздің бір парасы ғана. Сонымен бірге, жаңғыру ұғымының өзі мейлінше көнерген, жаһандық әлеммен қабыспайтын кейбір дағдылар мен әдеттерден арылу дегенді білдіреді. Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Рухани жаңғыру тек бүгін басталатын жұмыс емес», – деп Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев айтқан ел ертеңі, ұлттың руханиятын сақтап қалу үшін не қажет? Көптеген сұрақтарға бірге жауап іздейік.