24 қар, 2017 сағат 06:32

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде 13 млрд теңгені құрайтын 400 жоба жүзеге асырылуда

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз маслихатында Ерлан Қошанов Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауын жүзеге асыру аясындағы басты жетістіктері мен өңірдің ағымдағы жылғы он айдың қорытындысы бойынша әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы айтты, деп хабарлайды ortcom.kz

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде аймақта жалпы сомасы 13 млрд теңгені құрайтын 400 жоба жүзеге асырылуда, оның ішінде 5 млрд теңге демеушілердің бөлген қаражаты. Рухани жаңғырудың жарқын мысалы ретінде Ұлытаудағы туристік инфрақұрылымның дамуын келтіруге болады. Киелі мекенде қонақ-орталығы мен этно ауылдың құрылысы жоспарланып отыр. Ал келесі жылы Ұлытауда этнофестиваль өтеді, сондай-ақ әлемнің түрлі елдерінен жиналатын археологтар, геологтар және тарихшылардың қатысуымен халықаралық симпозиум ұйымдастырылады деген жоспар бар»,-деді әкім.          

Сонымен қата ол өндірістерін жетілдіру үшін облыстың кәсіпорындары ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесінде ұсынылған жаңа зерттемелердің арасынан 31 жобаны іріктеп, оларды әрі қарай жүзеге асыру амалдарын қарастырып жатқанын тілге тиек етті.