03 қаң, 2019 сағат 11:37

Роналду әлемде бірінші болып Instagram-да 150 млн жазылушы жинады

Португалия құрамасы мен туриндік «Ювентус» футбол клубының шабуылшысы Криштиану Роналду әлемде Instagram әлеуметтік желісінде жазылушылар саны 150 млн-ға  жеткен алғашқы адам болды.

Португалдықтың соңынан  жазылушылар саны жағынан  америкалық әнші Селена Гомес (144,5 млн жазылушы) келеді.

Ал, өзге футболшылар арасында жазушылары көп тағы қос спортшы бар. Олар: Бразилия құрамасының  шабуылшысы - Неймар (108 млн) мен «Барселона» форварды Лионель Месси (105 млн).