08 сәу, 2020 сағат 12:39

Роналдиньо түрмеден шығып, үйқамаққа алынды

Аты аңызға айналған бразилиялық футболшы Роналдиньо 32 күннен соң Асунсьондегі (Парагвай) түрмеден босатылды. Экс-футболшымен бірге оның бауыры да бостандыққа шықты, деп хабарлайды AS сайты.

GloboEsporte басылымының жазуынша, тұтқындалғандар үшін 1,6 миллион доллар (әрқайсысына 800 мың доллардан) көлемінде кепілпұл төленген. Роналдиньо мен оның бауыры қаладан шықпауға және полицейлердің бақылауында қонақүйде тұруға міндетті. 

Айта кетсек, 4 наурыз күні футболшы мен оның бауыры жалған құжатпен Парагвайға ұшып кетпекші болған. Құқық бұзушылар әуежайда тұтқындалып, 6 айға қамауға алынды.