29 жел, 2016 сағат 14:25

Режиссер Талғат Жәнібеков екі айға қамауға алынды

Қылмыстық істер бойынша Медеу аудандық соты кеше ұсталған режиссер Талғат Жәнібековке қатысты бұлтартпау шарасын қолданды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" kaz.tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

"Сот бұлтарпау шарасы ретінде Талғат Жәнібековті екі айға қамауға алу туралы шешім шығарды", - деді Алматы қалалық сотының Ақпаратпен қамтамасыздандыру бөлімінің басшысы Дияс Махамбетов.

Осылайша, режиссер 2017 жылдың 28 ақпанына дейін тергеу изоляторында қамауда болады. Режиссердің адвокаты  Серік Айтбаев сот үкіміне шағым түсірмекші.

Еске сала кетейік, кеше "Феникс" фильмінен қаражат жымқырды деген күдікпен режиссер Талғат Жәнібеков ұсталған болатын. "Бүгін оны "қылмыс орнында құрықталды" деп ұстап әкетті. Ұстау туралы қаулыда солай жазылған. Күлкілі. 72 сағатқа ұстау үшін адам қылмыс орнында ұсталуы керек", - деп хабарлаған еді режиссердің адвокаты Серік Айтбаев.