20 ақп, 2018 сағат 11:51

Режиссер Сәкен Жолдас жаңа әліпбиді пернетақтаға ауыстыруға қатысты өз нұсқасын таныстырды

Режиссер Сәкен Жолдас латын негізіндегі қазақ әліпбиін пернетақтаға ауыстыруға қатысты өз нұсқасын таныстырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Маманның айтуынша, ол бастапқыда жаңа әліпбиде акуттардың болғанын қолдаған. Оның айтуынша, әріптердің көбі бұл жүйемен жұмыс істей алады. Осы орайда маман испан, француз, чех және Еуропадағы басқа тілдерді мысал ретінде келтірді.

"Апострофтармен қандай қиындықтар болды? Мысалы, сен "а" әрпіне апостроф қоятын болсаң, пернетақтада символдарға көшу керек болады. Акуттармен де дәл солай, "а" батырмасын ұзақ басып тұрсаңыз, Iphone оны автоматты түрде акутқа айналдырады. Акутты қолдану жеңілірек, сондықтан да мен осы идеяны ұсындым", - деп түсіндірді қазақстандық.

Мұнымен қоса, қазақстандық жігіт арнайы пернетақта енгізу туралы шешімге тағы бірнеше ұсыныс айтып отыр. Жолдастың айтуынша, бұл жүйе әріптерді тез теруге мүмкіндік береді. Ол тіпті мұның қалай жұмыс істейтінін видео арқылы көрсетті.

Сәкен Жолдас Қазақстандағы жаңа қазақ әліпбиінің бекітілуіне қатысты өз ойын айта отырып, пернетақтаны дұрыс стандарттау қажеттігін айтып өтті.

"Әліпбидің жаңа нұсқасында басты идея - акутты қолдану. Ол идея енгізілді. Ал "Ғ" әрпін мен бастапқыда "Gh" әрпіне ауыстыруды ұсынған едім. Мұнда айта кету керек, "ғ" әрпі акутпен еш қолданылмайды. Әйтпесе, біз әріптердің 80 пайызын акутпен жаза алар едік. Осындай сәттер болмаса, қиын ештеңесі жоқ. Ең бастысы, басты идеяны қолданды", - дейді Жолдас.

Айта кетейік, қазақстандық ұсынған жобаны осыған дейін ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есеп комитетінің төрағасы Бағдат Мусин қолдаған болатын.

Бүгін, 20 ақпанда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев латын негізіндегі қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасын бекітті.