10 ақп, 2017 сағат 11:28

Ресейлік әнші тікелей эфирде "Қазақстанға түкіргенім бар" деді

"Мама Люба" хитінің орындаушысы, "Серебро" тобының солисі Ольга Серябкина тікелей эфирде "Қазақстанға түкіргенім бар" деді, - деп хабарлайды kaz.tengrinews.kz. Эфир 9 ақпанда 15.00-де RuTv арнасында көрсетілген.

Кадрлардан Ольга Серябкинаның "Казахстан...? Плевать на Каз..." дегенін естуге болады. Бұл сөзді оның не себепті айтқаны белгісіз.

Осыған байланысты Интернетте Серябкина сынның астында қалды. Қазақстандықтар оны Қазақстанға заң жүзінде кіргізбеу керек деп отыр. 

Ал "Серебро" тобының өкілі Елена Вакулина Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында әртістердің қазіргі уақытта демалып жатқанын хабарлады. "Бұл сөздердің қандай контекстте айтылғанын түсіну керек. Әрине, түсінбестік. Бұл ойын болған. Бүгін Оля видеоүндеу жасайды", - деді Вакулина.