#
#
Жұма 13/12/2019

Ресейдің федерация кеңесі Мәскеудегі митингілерді Батыстан көреді

  • 13.08.2019
  • 0
  • 455

12 тамызда Ресейдің федерация кеңесі төрағасының халықаралық істер бойынша орынбасары әрі Ресей егемендігін қорғау бойынша комиссия мүшесі Андрей Климов Мәскеуде әділ сайлау талабымен өтіп жатқан қарсылық акцияларына "Батыс елдері араласып отыр" деп мәлімдеді.

Оның сөзінше, азаматтардың митингіге шығуына АҚШ ықпал етіп отыр. Климов 10 тамызда Мәскеуде өткен митингіге "өзге елге қызмет етемін деп ант берген екі азаматтығы бар" адамдар қатысты деді. Мысал ретінде Климов рэпер Oxxxymiron-ды атап, "34 жыл өмірінің көп бөлігін Батыс Еуропада, Ұлыбританияда өткізді, енді келіп Мәскеу қалалық думасына депутат болғысы келеді" деді. Ол акцияға қатысушыларға құқықтық кеңес берушінің де АҚШ азаматы екенін айтты.

Алайда, Азаттықтың Орыс қызметінің жазуынша, Федерация кеңесі мүшелерінің көбінде шетелде жылжымайтын мүлік бар. Мәселен, жоғарғы палатаның Тамбов облысы бойынша өкілі Александр Бабаковтың Парижде құны 16 миллион доллар тұратын пәтері бар. Ал интернетте билікті балағаттағаны үшін жазаға тарту заңының авторы Андрей Клишастың Швейцарияда зәулім үйі бар. Кеңестің Тульск облысы бойынша өкілі Дмитрий Савельев Ұлыбритандиядан 500 шаршы метрлік үй сатып алған. Федерация кеңесінің өзге мүшелері Любовь Глебованың — Германияда, Виталий Богдановтың Италияда үйі бар.

"Кремлёвский безбашенник" телеграм-каналының мәліметі бойынша, Федерация кеңесінің кемінде жеті мүшесінің шетел азаматтығы бар. ​

Бұдан бұрын Мәскеу мэрі Сергей Собянин Мәскеу қалалық думасына оппозициядан үміткерлерді жіберу талабымен өткен "наразылық шарасына қатысушылардың дені мәскеуліктер емес" деп мәлімдеген. Әлеуметтік зерттеулерге қарағанда, өткен сенбіде Сахаров даңғылында өткен митингке келушілердің 80 проценті мәскеуліктер, қалған 17 пайызы — Мәскеу облысының тұрғындары.

Мәскеу қалалық дума сайлауына тәуелсіз үміткерлерлі өткізуді талап етіп жатқан оппозицияның акциясы бір айдан бері жалғасып жатыр. ​Осы уақыт аралығында полиция үш мыңнан астам адамды ұстады.

Азаттық

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар