#
#
Сенбі 17/11/2018

Ресейден СҚО-ға сапарлайтын туристер саны артты - Құмар Ақсақалов

  • 09.11.2018
  • 0
  • 208

Соңғы екі жылда Солтүстік Қазақстан облысына Ресейден сапарлайтын туристер саны екі есеге артты. Бұл туралы Қазақстан мен Ресейдің Өңіраралық ынтымақтастығының XV форумында Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Нұрсұлтан Әбішұлы, Сіздің тапсырмаңыз бойынша Имантау-Шалқар курорт аймағын дамытуға арналған кешенді жоспар әзірленіп жатыр. Осы орайда Астана мен Ресей өңірлері бағытындағы жолдарға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге екпін қойылып отыр. Көліктік инфрақұрылымды жақсартудың арқасында туристердің жолда жүру уақыты 30 пайызға қысқарды», - деді облыс басшысы.

Оның сөзіне қарағанда, соңғы екі жылда осы салада қабылданған шаралардың нәтижесінде Ресейден Солтүстік Қазақстан облысына сапарлайтын туристер саны екі есеге артқан.

«Алдағы жылы бұл көрсеткіш тағы да өседі деп болжануда. Сәйкесінше, шекара бекеттеріне жүктеме артады. Әсіресе, жаз кезінде шекарада ұзын-сонар кезекті байқаймыз. Сондықтан шекарадағы бекеттерден өтетіндерді бақылау рәсімін жеңілдету мүмкіндігін қарастыруды ұсынамыз», - деді Қ. Ақсақалов.

Сонымен қатар өңір басшысы Имантау-Шалқар аумағын және өзге де жобаларды дамытуға ниетті инвесторларға қолдау жасалатынын тілге тиек етті.  Бизнесті қолдау аясында туризм нысандарына барлық қажетті инженерлік коммуникациялар тартылатын болады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстан мен Ресейдің Өңіраралық ынтымақтастығының XV форумында ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы екі елдің туризм саласын дамытудың мүмкіндіктерін баяндады. Сонымен қатар онда Ақтау саммиті Каспий теңізіндегі туризмді дамытуға ықпал еткендігі айтылды.

Айта кетейік, бүгінг форум «Қазақстан мен Ресейдегі туризмді дамытудың жаңа жолдары мен үрдістері» тақырыбында өтіп жатыр.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар