17 қар, 2018 сағат 17:00

Ресейдегі жол апатының мән-жайын анықтауға Қазақстан консулы көмектесіп жатыр

ҚР Сыртқы істер министрлігі Ресейдің Саратов облысындағы қазақстандық жолаушылар автобусының апаты жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстанның Астраxандағы консулы Қанат Шекқалиев бұл оқиға бойынша жедел түрде жергілікті билікпен байланысқа шығып, апаттың мән-жағдайын анықтап жатыр. Бастапқы мәлімет бойынша, автобуста барлығы 7 адам болған. Оның бесеуі қаза тапты, олардың барлығы - Өзбекстан азаматтары. Автобус жүргізушісі мен оның көмекшісі - Қазақстан азаматтары. Олар тірі, жағдайлары ауыр, ауруxанаға жеткізілді», - деп жауап берді ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.

Айта кетейік, бүгін РФ Саратов облысының Озинский ауданындағы темір жол өтпесінде «Саратов-Орал» рейстік автобусы жүк пойызымен соқтығысты.