#
#
Жұма 05/06/2020

Ресейде жалақысы сақталатын «жұмыссыз күндер» режимі 30 сәуірге дейін ұзарды

  • 02.04.2020
  • 0
  • 226

Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин COVID-19 вирусымен тиімді күресу үшін бұрын енгізілген «жұмыссыз күндер» режимін ұзартатынын жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Ел бойынша жарияланған жұмыссыз апта, сонымен қатар көптеген облыстардың тұрғындары үшін ұсынылған оқшаулану режімі бізге эпидемияға барынша қарсы тұру үшін алдын алу шараларына барлық билік органдарын жұмылдыруға және денсаулық сақтау жүйесінің ресурстарын көбейтуге мүмкіндік берді», - деді В.Путин Ресей халқына телеүндеуінде. 

Сондай-ақ Ресей көшбасшысы әлемде, соның ішінде Ресейде індеттің өршуі әлі де тоқтамағанын атап өтті.

«Осыған байланысты 30 сәуірді қоса алғанда, айдың соңына дейін жалақысы сақталатын жұмыссыз күндер режімін ұзарту туралы шешім қабылдадым», - деп мәлімдеді В.Путин.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР