#
#
Жұма 15/11/2019

Ресейде табылған қазақстандық майдангерлердің сүйектері қайта жерленді

  • 30.10.2019
  • 0
  • 480

Ресейдің Ленинград облысында 1941 жылы қаза тапқан қазақстандық жауынгерлердің сүйектері жер қойнына тапсырылды, – деп хабарлайды «Ұлт Ақпарат».

Бұл туралы Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінің ресми сайтында хабарланды.

Ақпаратқа сәйкес, Ленинград облысының Лодейнопольск муниципалдық ауданының Свирьстрой қалашығында 1941 жылдың қыркүйегінде Екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқан 314-ші атқыштар дивизиясы 1076-ші атқыштар полкі 1-батальонының 61 жауынгерін жерлеу рәсімі болды. Дивизия 1941 жылдың шілде-тамыз айларында Қазақстанның Петропавл қаласында жасақталған. Бастапқыда дивизия құрамының 70% астамы Солтүстік Қазақстан облысының және Петропавл қаласының тұрғындары болған. Дивизия: басшылық құрамның 777 адамы, кіші басшылық құрамның 1543 адамы және 8611 қатардағы сарбаздан құралған.

1941 жылдың тамызында 314-дивизия қазіргі Новгород облысындағы Хвойная стансысына жіберіліп, 7-армияның Оңтүстік жедел тобының құрамына – Карель майданына аттанады.

1941 жылғы 12 қыркүйекте алдыңғы шептің отряды Свирь (қазіргі Свирьстрой) арқылы Подпорожье қаласына жетеді де, келе сала фашистерге қарсы шайқасқа кіріседі. Қиян-кескі айқаста дивизия жеке құрамының басым бөлігінен айырылады. Соның біразы қаза тапса, тағы біршамасы хабар-ошарсыз кетеді.

Қазақстан мен Ресейдің іздеу жасақтарының қажырлы еңбегінің арқасында қазіргі Свирьстрой маңынан 314-ші атқыштар дивизиясы 1076-ші атқыштар полкі 1-батальонының 61 жауынгерінің сүйектері табылды.

Жауынгерлердің мүрделері Свирьстрой әскери мемориал моласына жерленіп, аты-жөндері жазылған мәрмәр тақталар қойылды.

Қазақстан тарапынан жерлеу рәсіміне Санкт-Петербургтегі ҚР Бас консулдығының консулы Т.Садыров, «Арғын-Қарауыл» қоғамдық бірлестігінің басшысы С.Есләмов, Петропавл қаласы Ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары И.Тәттібаев, ГТК Іздеу жасағының командирі Е.Абдуллин, Петропавл қаласындағы 314-ші атқыштар дивизиясына арналған музейі бар №2 орта мектептің директоры А.Байбурина, №2 мектептің тарих пәнінің оқытушысы К.Қоспақаев және қаза тапқан жауынгер А.М. Артемьевтің туыстары қатысты.

Жерлеу рәсімінің соңында «Память» жобасының басшысы А.Нарваткина РФ Қорғаныс министрлігінен алынған жауынгерлердің шайқасқа қатысуы туралы құжаттарды тапсырды.

Свирь іргесінде қаза тапқан, бүгінде аты-жөндерін анықтау мүмкін болған жауынгерлердің тізімі:

Артемьев Александр Михайлович, 22.03.1908 жылы туған;

Бабкин Степан Максимович, 1914 ж.

Бондарюк Сергей Осипович, 1906 ж.

Герасименко Антон Трофимович, 1914 ж.

Еремушкин Федор Борисович, 1914 ж.

Колодаев Афанасий Петрович, 1907 ж.

Колодкин Николай Степанович, 1907 ж.

Мандрыгин Игнатий Петрович, 1910 ж.

Никулин Сергей Георгиевич, 1905 ж.

Сагайдак Николай Петрович, 1907 ж.

Старовойченко Иван Васильевич, 1912 ж.

Фомин Павел Степанович, 1907 ж.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться
БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар