06 қаз, 2017 сағат 10:31

Ресейде пойызға соғылған автобус жүргізушілерінің аты-жөндері белгілі болды

Ресейдің Владимир облысында пойызға соғылған автобус жүргізушілерінің екеуі де Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындары болған. Бұл туралы Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Жол апатынан 1977 жылы туған Нұрғали Сарманов аман қалды. Қазіргі уақытта одан тергеушілер жауап алып жатыр. Екінші жүргізуші 1970 жылғы Данияр Шілдебаев қайтыс болған.

Естеріңізге сала кетейік, Ресейдің Владимир облысында жұмаға қараған түні автобус пен пойыз соғысқан. Соңғы мәліметтерге сүйенсек, жол апатынан 17 адам қаза тапқан. ІІМ мәліметінше, автобус бағдаршамның қызыл түсіне жүрген. Өңірлік ТЖМ өкілдері қазақстандық автобус болғанын хабарлады.