17 мам, 2017 сағат 19:23

Ресейде Мәншүк Мәметованың ескерткішін қорлаған ер адам өз әрекетін түсіндірді

Қазақстанның Санкт Петербургтегі Бас консулдығы Псков облысы Невель қаласындағы Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың ескерткішін қорлау дерегі бойынша РФ ІІМ Басқармасынан жауап алды, - деп хабарлайды kaz.tengrinews.kz тілшісі консулдықтың өкілдеріне сілтеме жасап.

Құқық қорғау органдары видеоның екі жыл бұрын түсірілгенін анықтаған. Вандалдың аты-жөні де анықталған. Ол Невель ауданының Леоново ауылының тумасы - 1997 жылғы Сергей Репов екен. 

Берген түсініктемесінде ол Мәметованың ескерткішінің маңынан өтіп бара жатып, "сәтті кадр" жасағысы келгенін жазған. Досы Илья Кубановтан суретке түсіруін сұраған, ал ол өз кезегінде роликте "ВКонтакте" желісіне жүктепті. 

Бұл дерек полицияның жергілікті бөлімінде тіркелген. 

Еске салайық, осыған дейін Интернетте таралған видеода бір ер адамның ескерткішке шығып алып, суретке түскені көрінеді. Роликте былапыт сөздер айтылған.