09 сәу, 2020 сағат 11:31

Ресейде коронавирус жұқтырғандар саны 10 мыңнан асты

Ресейде жаңа коронавирус жұқтырғандар саны кеше 1 459 жағдайға өсті. Елдің 81 өңірінде вирус жұқтырғандардық жалпы саны 10 131 адамға жетті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Коронавируспен күрес жөніндегі жедел штабтың хабарлауынша, қазіргі уақытта елде 698 адам сауығып, ауруханадан шығарылса, 76 адам көз жұмған. 

«Бүгінгі күні Ресейде коронавирус инфекциясының 10 131 жағдайы (+ 16,8%) 81 өңірден жинақталған түрде тіркелді. Өткен тәулікте 118 адам сауығып, ауруханадан шығарылды. Осы уақытқа дейін Ресейде 698 адам емделіп шықты. Тәулігіне коронавирустан 13 науқас қайтыс болған. Ресейдің барлық аумағы бойынша 76 адам көз жұмған» делінген штабтың хабарламасында.