01 ақп, 2020 сағат 07:40

Ресейде коронавирус жұқтырған екі адам тіркелді

Ресейде екі адам коронавирусқа шалдықты. Екеуі де Қытай азаматы. Бұл туралы Ресейдің вице-премьері Татьяна Голикова айтты. Ресейде коронавируспен күресудің қосымша шаралары енгізілді, деп хабарлайды РИА Новости.

Дертке шалдыққандардың біреуі Забайкальеде, екіншісі Түмен облысында. Екеуінің де денсаулығы қалыпты. Дене қызуы көтерілмеген, деп мәлімдеді Роспотребнадзор басшысы Анна Попова.

Алдын ала мәліметке сәйкес, Ухань қаласында 300 ресейлік қалған. Тағы 341-і Хубэй қаласында. Ресей билігі Қытайдан оралғысы келетін азаматтарының санын нақтылап, борт әзірлейді.

Бұған дейін Ұлыбританияда коронавирус анықталғаны туралы хабарланған болатын. Екеуі де бір отбасының мүшесі.

Бұл елдің денсаулық сақтау министрлігі вируспен күресуге дайын екенін жеткізді. Қазіргі уақытта билік дертке шалдыққандармен байланыста болғандарды анықтап жатыр.