31 нау, 2020 сағат 16:20

Ресейде карантинді бұзғандар мен вирус туралы жалған ақпарат таратқандарға жазаны күшейтеді

Ресейдің мемлекеттік думасы карантин режимін бұзғандар мен коронавирус туралы жалған ақпарат таратқандарға жазаны күшейтуді қарастыратын заң жобасын қабылдады. Құжатта карантин режимін бұзғандарға ең үлкен жаза - 7 жылға дейін, жалған ақпарат таратқандарға бес жылға бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. 

Заңбұзушылықтан адамдар қайтыс болған жағдайда ең үлкен жаза қолданылады. Адам өлімі болмаған "қылмыс фактілері" бойынша айыпталушыларға 700 мың рубльге дейін айыппұл салынуы мүмкін немесе екі жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін. 

Заңға сәйкес, Әкімшілік кодекске бірқатар өзгерістер енгізіледі. Құжат төтенше жағдай министрлігі қызметкерлеріне карантин режимін бұзу бойынша хаттама толтыруға рұқсат береді, оған сәйкес жауапкерлер 150 мың рубльге дейін айыппұл төлеті мүмкін. 

Соңғы дерек бойынша, Ресейде вирусты жұқтырғандар саны екі мыңнан асты. Соңғы тәулікте 500 адамнан коронавирус табылған. Олардың басым бөлігі Мәскеуде (387) тіркелген. Санкт-Петербургте 48 адамнан коронавирус табылған. Коронавирус инфекциясы Ресейдің 70-тен астам аймағынан табылған. Эпидемия басталған уақыттан бері 17 адам көз жұмған. 121 адам айыққан.