26 мам, 2020 сағат 20:41

Ресейде 13 мың гектар аумақта орман өртеніп жатыр

26 мамыр күні Ресей Федерациясында 64 орман өрті тіркелген. РФ экология және табиғи ресурстар министрі Дмитрий Кобылкиннің айтуынша, тілсіз жау шарпыған аумақтың жалпы көлемі 13 мың гектарға жетті, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.

«Бүгінгі таңда 64 орман өртеніп жатыр. Қызыл жалынның жалпы аумағы 13 мың гектардан асады», - деп мәлім етті ол. 

Кобылкиннің сөзіне сенсек, Ресейдің төрт субъектісінде орман өртіне байланысты төтенше жағдай режимі енгізілген. 

«Байқалда толығымен, Тыва, Хакасия және Иркутск облысында бір-бір муниципалды құрылымда төтенше жағдай жарияланған», - деп атап өтті ол.