07 мау, 2017 сағат 09:11

Ресей «Тайсойған» полигонындағы 624 мың гектар жерді қайтарады

Ресей Федерациясы Қазақстанға Атырау облысы «Тайсойған» әскери полигонындағы 624 мың гектар жерді қайтаруда, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

«Ресейлік әскерилерге Атырау облысы Қызылқоға ауданындағы полигон аумағында 749,6 мың гектар жер жалға берілген еді. Қазіргі таңда екі ел арасында жасалған келісім бойынша 624 мың гектар жерді қайтару процесі жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Арман Баженов Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде.

Ресейлік әскерилер бұрын полигон аумағы болған «Тайсойғанды» жалға алса да, оны пайдаланған жоқ. Сондықтан, бұл жерлерді шаруаларға беруге ешқандай кедергі жоқ.