09 қаз, 2019 сағат 13:31

Ресей тарапы Қытайдағы лагерьлерге қатысты ұстанымын ашық айтты

Қазақстанға ресми сапармен келген Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Қытайдағы оқыту лагерлеріне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

"Біздің ұстанымымызды бәрі жақсы біледі. Біз оны БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі кеңесінің отырыстары аясында талай рет айтқанбыз. Осы кеңесте жыл сайын шолу жасау процедурасы бар. Ондай шолулар әрбір мемлекетке қатысты жасалады. Сол кезде Қытай бірнеше рет түсініктеме берген", - деді Лавров Қазақстанның сыртқы істер министрлігінде өткен баспасөз мәслихатында.

Ресей министрі Қытайдың оқыту лагерьлері мен осы елдің саясатын қаралайтын ақпарат шетелден таралады деп санайды.

"Бізде Біріккен Ұлттар Ұйымы аясындағы процедуралардан басқа шара жоқ. Мен ол туралы айтып өттім. Ол - адам құқықтары жөніндегі кеңестің отырыстары", - деді Лавров.