17 ақп, 2017 сағат 09:10

Ресей КСРО қарызын өтеуді жыл соңына дейін аяқтайды

Ресей Кеңес одағының сыртқы қарыздарын өтеуді аяқтау үстінде, соңғы транш Босния және Герцеговинаға жыл соңына дейін төленеді, деп жазды «Известия» газеті ресейлік Қаржы министрлігіне сілтеме жасап.

Министрлік өткен аптада КСРО-ның 60,6 миллион доллар көлеміндегі Македония алдындағы қарызын өтегенін хабарлады және осы күні оның сыртқы қарызы тек Босния мен Герцеговина алдында қалып отырғанын атап өтті. Екі мемлекет те Югославия тарағаннан кейін құрылған және бұрынғы КСРО-дан қарызын талап ету құқығын алған.

«Техникалық тұрғыда келісім дайын тұр, мемлекеттер оны парафирледі. Енді тек қол қою керек, бұл алдағы жақын уақыттың мәселесі», - деді басылымға үкіметтегі ақпарат көзі.

Сонымен бірге, Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі аталмыш борышты өтеу мемлекет қарызын реттеу үшін 2017 жылғы бюджетте қарастырылған қаражат есебінен жүзеге асырылатынын растады. 

ҚазАқпарат