02 жел, 2016 сағат 07:44

Ресей электр тоғынан ядролық отын алуды үйренді

-  Қиыр Шығыс федералды университетінің ғалымдары электр тоғынан ядролық отын алудың жаңа әдісін ойлап тапты.

Ол құнының төмендігімен, өндіріс жылдамдығының жоғарылығымен және өнімнің үздік сапасымен ерекшеленеді. Бұл туралы ТАСС агенттігі университеттегі Жаратылыстану ғылымдары мектебінің Ядролық технологиялар  академиялық департаментінің директоры, Ресей Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі Иван Тананаевқа сілтеме жасап хабарлады.

«Біздің әдістің негізгі идеясы ұнтақ орналастырылған пресс-форманы электр тоғымен қыздыру болып табылады. Осындай жағдайда уран-оксидті отынына бір мезгілде қуатты импульсті разряд пен механикалық қысым әсер етеді», - дейді Тананаев.

Ғалымның айтуынша, әдістің басты артықшылығы - өндіріс жылдамдығының артуы мен өнім сапасының жоғарылауы. Отынды стандартты технологияға жарамсыз саналатын уран диоксидінен де алуға болады. 

ҚазАқпарат